Отдел экономики и планирования государственное учреждение "Акимат Аль-Фарабийского района города Шымкент

    Общая информация

    Шымкент қаласының

    Әл-Фараби ауданы әкімінің 2025 жылғы « ___ » __________

    № ________ өкіміне __-қосымша

    ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ

    Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының

    Экономика және жоспарлау бөлімінің басшысы,

    Е-3 санаты (№03-01)

    1. Жалпы ережелер
    • Экономика және жоспарлау бөлімінің басшысы өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Әкімшілік рәсімдік процестік кодексі, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес жүзеге асырады, өзінің қызметінде мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын, өзінің қызметін жүзеге асыратын нормативтік құқықтық актілерін, бұйрықтарын, мемлекеттік органның өкімдерін, ішкі тәртіп ережелерін және осы нұсқаулықты басшылыққа алады.
    • .Экономика және жоспарлау бөлімінің басшысы аумақтағы жұмысты басқаратын аудан әкімінің басшылығымен жұмыс жасап, аудан әкімі аппаратының басшысына бағынады және қызметкерлер арасында міндеттерді үйлестіреді.
    • Экономика және жоспарлау бөлімінің басшысы лауазымына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында белгіленген тәртіпте, Әл-Фапраби ауданы әкімінің өкімі негізінде қызметке алынады және босатылады.
    • Экономика және жоспарлау бөлімінің бас мамандары бөлім басшысына тікелей бағынады.
    • Экономика және жоспарлау бөлімінің басшысы өз жұмысында Экономика және жоспарлау бөлімі туралы Ережені және лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
    • Экономика және жоспарлау бөлімінің басшысы уақытша жұмыста болмаған жағдайда, оның міндетін №03-02 бас инспекторы атқарады.
    1. Экономика және жоспарлау бөлімі басшысының құқықтары

    2.1. Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;

    2.2.Лауазымдық өкілеттіктерін атқару үшін қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіппен алуға;

    2.3. Аппараттың және бөлімдердің жұмыстарын жетілдіру жөнінде аудан әкіміне ұсыныс жасауға;

    2.4. Өз өкілеттігі шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешім қабылдауға қатысуға, тиісті органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;

    2.5.Лауазымдық өкілеттіктерін атқару үшiн ұйымдарға белгiленген тәртiппен баруға; 2.6.Жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен қарым-қатынас жасалуына; 2.7. Тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануға және біліктілігін арттыруға; 2.8. Өз құзыры шегінде қызметтік құжаттамаларға қол қоюға;

    2.9. Өз құзыреті шегінде сыртқы ұйымдармен байланыс жасауға;

    2.10. Мемлекеттік қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тергеп тексеруді талап етуге;

    2.11. Еңбегінің қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және жоғары өнімді жұмыс істеу үшін қажетті еңбек жағдайына;

    2.12. Әлеуметтік және құқықтық қорғалуға;

    2.13. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін оның жауаптылығын қарау жағдайларын қоспағанда, мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша шығарылуға;

    2.14. Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандырылуға;

    2.15. Бағыныстағы бөлім қызметкерлерін көтермелеу және жазалау бойынша ұсыныстар енгізуге құқығы бар.

    2.16. Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепілдік берілетін құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға.

    1. Экономика және жоспарлау бөлімі басшысының міндеттері

    3.1. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтайды;

    3.2.Аудан әкімі аппаратына жүктелген миссияларды, мақсаттар мен міндеттерді өкілеттіктер шегінде іске асырып, жоспарларды айқындайды, реттеушілік және іске асыру шешімдерді дайындауға жәрдемдеседі;

    3.3. "Халық қатысатын Бюджет" жобасы-халықтың қатысуымен әзірленетін, енгізілетін және іске асырылатын жобалардың орындалуын қамтамасыз етеді;

    3.4.Көшелерді күтіп ұстау және жарықтандыру бойынша бюджеттік жоспарларының орындалуын үйлестіреді;

    3.5. Ауданның әлеуметттік-экономикалық даму және операциялық жоспарларының орындалуын үйлестіреді;

    3.6.Аудан әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының тапсырмаларын орындайды;

    3.7. Бөлімге жалпы басшылық жасайды және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуге, бөлімнің жұмысын ұйымдастыруға және жоспарлауға, бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі;

    3.8.Өз құзырының шегінде, барлық мемлекеттік ұйымдар мен аудандық және қалалық мекемелермен қаржыландыру және мемлекеттік сатып алуға қатысты мәселелер бойынша өзара іс-әрекеттерді іске асырады;

    3.9. Экономикалық және қаржылық есептік жылға мемлекеттік сатып алулар бойынша жоспар жасау, бекіту және іске асыруды бақылау;

    3.10. Аудан әкімі аппаратының бөлімдерімен әзірленген жобалық-сметалық құжаттарға бюджеттік өтінім дайындалуын бақылайды;

    3.11. Ауданның тиісті қаржы жылына арналған бюджетін нақтылау, түзету жөнінде ұсыныстарды бюджеттік комиссияның қарауына ұсынады;

    3.12. Экономикалық және төлемдер мен міндеттемелер қаржылылық жоспарын құруды бекітеді және есепті жылға жеке қаржыландыру жоспарының орындалуын іске асырады және бақылайды;

    3.13. Бухгалтерлік есеп шоттарында іске асырылған шаруашылық операциялардың көрсетілуін бақылау, әкім аппаратының қаржы жағдайы туралы ақпарат беруді, белгіленген мерзімде бухгалтерлік есеп жасауды, тапсырыстарды рәсімдеу, жеке табыс салығы, әлеуметтік салықтар мерзімге сәйкес ұсынуды іске асырады және бақылайды;

    3.14. Қызметкерлерге жалақы төлемі, бюджеттік салықтардың төлемі, ағымдағы шығыстар бойынша дебитор және кредиторлармен уақытылы есеп айырысуды бақылауды жүзеге асырады;

    3.15. Аппараттың шаруашылық қызметін жүргізу және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін ішкі шаруашылық қорларын анықтауды ұйымдастырады.

    3.16. Коммуналдық меншікті басқару, оның ішінде мүліктік жалға беру, жекешелендіру, түгендеу және жекешелендіруден кейіңгі бақылау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

    3.17. Аудан бюджетінің атқарылуы туралы жылдық, тоқсандық және айлық есепті бюджет саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес тапсырылуын іске асырады және бақылайды;

    3.18. Статистика департаментіне статистикалық есептер жасау және өткізуді қадағалайды;

    3.19. Экономика және қаржы бөлімінің басшысы бөлімнің Ережесінде көрсетілген және аудан әкімі жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;

    3.20. Өз саласы бойынша нормативтік құқықтық актілердің және құқықтық актілердің жобаларын сапалы әзірлеу және басқа да құқықтық сипаттағы өзге құжаттарды дайындайды;

    3.21. Өз саласы бойынша нормативтік құқықтық актілердің және құқықтық актілердің жобаларын тиісті мемлекеттік, басқа да органдар және ұйымдармен келісу (жариялау, қажетті қорытындылар алу), әділет органына заңнамада көрсетілген мерзімде мемлекеттік тіркеуге ұсынылуын қамтамасыз етеді;

    3.22.Әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізуді бақылайды;

    3.23. Жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

    3.24. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;

    3.25. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 56-бабына сәйкес аудан әкімі аппаратының құқықтарын және мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінеді.

    3.26. Аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарының, аудан аппаратының басшысы тарапынан берілген тапсырмалардың уақытылы, сапалы орындалуын қамтамасыз ету.

    3.27. Қала әкімдігінің басқармаларымен, мемлекеттік мекемелермен, құқық қорғау органдарымен, коммуналдық мекемелермен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жұмыс жүргізу.

    3.28. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне сәйкес бөлімдері тарапынан «Е-Өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы жеке және заңды тұлғалардың арыз шағымдарын қарап, оларды уақытылы әрі сапалы орындау;

    3.29. «109 IKomek» байланыс орталығынан келіп түскен арыз, шағым, өтініштерге уақытылы, сапалы жауап беру;

    3.30. Бөлімнің жұмысын салаға аудан аппаратының басшысымен келісе отырып жоспарлау;

    3.31. Жеке және заңды тұлғаларды жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізу;

    3.32. Аудан әкімі аппаратымен өткізілетін барлық іс-шараларға қатысу;

    3.33. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтау;

    3.34. Әдеп кодексінің талаптарын сақтау.

    3.35. «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіне өздеріне тиісті жеке мәліметтерді (өкімге негіз болып табылатын өтініштердің барлық түрі, қызметтік жазбаларды, бағалау парақшаларын т.б.) тек автоматтық режимде енгізіп, жолдау;

    3.36. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;

    3.37. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 56-бабына сәйкес аудан әкімі аппаратының құқықтарын және мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінеді.

    1. Экономика және жоспарлау бөлімі басшысының жауапкершілігі

    4.1. Мемлекеттік қызметшінің өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны тиісінше орындамағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны, мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылады.

    4.2. Өз өкілеттігі шегіндегі өз міндеттерінің сапалы және уақытында орындалуына жауапты болады.

    4.3. Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамауы жауапкершілікке әкеледі.

    4.4.Мемлекеттік қызметшілердің этика нормаларын сақтамауы жауапкершілікке әкеледі.

    4.5.Бөлімнің жұмысына байланысты іс-шаралардың өткізілуіне, азаматтардың арыз-шағымдарымен жұмыс жүргізілуіне жауапты.

    4.6.Қаржы және материалдық-техникалық ресурстарды тиімді түрде пайдалануға жауапты.

    4.7. Адал, әділ болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;

    4.8. Қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;

    4.9. Еңбекті, денсаулықты қорғауға, тиімді қызмет ету үшін қауіпсіз және қажетті жағдайларды жасауға, сондай-ақ, қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітушіліктің және қол сұғушылықтың кез-келген нысандарын болдырмайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған шараларды қабылдауға;

    4.10.Жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге;

    4.11. Әдеп Кодексінің нормаларын бұзбауға, мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулер мен заңнамалардың талаптарын орындауға жауапты.

    Таныстым: ______________________________

    « » _________________

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.