Отдел государственных закупок товаров Управление по государственным закупкам и коммунальной собственности Атырауской области.
об отделе
- тапсырыс берушімен әзірленген және бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәсілдермен мемлекеттік сатып алуларды өткізеді;
- тапсырыс беруші ұсынған, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде қазақ және орыс тілдерінде конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасын әзірлейді және бекітеді;
- мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды мемлекеттік сатып алудың веб-порталына орналастырады;
- тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) техникалық өзіндік ерекшелігін алған, мемлекеттік сатып алу веб-порталына автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан сұрау салулар мен ескертулерді жібереді;
- қажет болған жағдайда конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда конкурс немесе аукцион тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді тиісті бюджеттің кірісіне енгізеді не әлеуетті өнім берушіге қайтарады;
- конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамын айқындайды және бекітеді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық өзіндік ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін сараптама комиссиясын құрады не сарапшыны айқындайды;
- ескертулер, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулар болған кезде конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді не конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасына ескертпелерді қабылдамай, оларды қабылдамау негіздемелері мен себептерін көрсетеді не конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) ережелеріне түсінік береді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындайды;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінеді;
- мемлекеттік органдардың, мемлекеттiк мекемелердің, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың мемлекеттік сатып алуларына мониторингілеу және талдау жүргізеді;
- қажеттілігіне орай облыс аумағындағы тапсырыс берушілерге мемлекеттік сатып алу саласын реттейтін заңнама нормаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсінік жұмыстарын ұйымдастыру;
- азаматтардың өтініштеріне уақтылы әрі сапалы жауап беру және өтініштерді тіркеу карточкасына деректерді сапалы енгізу;
- мемлекеттік сатып алу саласында Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.