Отдел коммунального хозяйства Медеуского района
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі
Алматы қаласы «Медеу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің коммуналдық шаруашылық бөлімінің
Е Р Е Ж Е С І
- Жалпы ереже
1.1. Коммуналдық шаруашылық бөлімі (әрі қарай - бөлім Бөлімі) « Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ( әрі қарай - аудан әкімінің аппараты) құрылымдық бөлімі болып табылады және өз жұмысын аудан әкімің және жетекшілік атқаратын аудан әкімі орынбасарының басшылығымен атқарады.
1.2. Бөлім өз қызметін қазақстан Республикасының Конститутциясы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемкорлык туралы», Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің Жарлықтары мен қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 01 қазанында № 651 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс» Кодексін (әрі қарай- Ар-намыс кодексі), Алматы қаласы Мәслихатының өкімдері, қала әкімі және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін, аталған Ережені басшылыққа ала отырып іске асырады.
1.3. Бөлім жұмысын аудан әкімі аппаратының белгіленген жоспары және бөлімнің жұмыс жоспарының негізінде өзге міндеттерді жүктеуге болмайды.
- Бөлімнің негізгі міндеттері.
1.1. Бөлім жұмысын аудан әкімі аппаратының белгіленген жоспары, аудан әкімінің тапсырмалары және бөлімнің жұмыс жоспарының негізінде өзге бөлімдерімен және құрылымдық бөлімдерімен бірлесе атқарады;
1.2. Қазақстан Республикасының Конститутциясы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің Жарлықтары мен қаулыларын, Алматы қаласы Мәслихатының өкімдері, қала әкімі және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
1.3. Алматы қаласы Медеу ауданы Әкімінің алдағы жұмысты жоспарлау және жұмыс жоспарын дайындау бойынша жұмысты атқару
- Бөлімнің негізгі атқаратын қызметі.
2.1. Аудан аумағында орналасқан көп пәтерлі тұрғын үйлердің, білім, денсаулық сақтау, мәдениет объектілерінің күзгі қысқы жылумен қамтамасыз ететін кезеңге дайындығын,пәтер иелері кооперативі және ведомстволар жұмысын қадағалау.
2.2. Коммуналдық қызметтерге қарыздарын өтеу бойынша іс шараларынқадағалау.
2.3. Аудан аумағының санитарлық жағдайын қадағалау.
2.4. Көріктендіру ережесін орындау бойынша, қадағалау іс-әрекетін орындайтын қызметтермен бірігіп рейдтер жүргізу.
2.5. («Тәртіп» АҚ, ЖШС, ЖК, ЖТҮИК) қоқыс шығаратын ұйымдардың жұмыстарын қадағалау.
2.6. Аудан аумағы бойынша көріктендіру және санитарлы түрде тазалау бойынша көктемгі-күзгі іс-шара жұмыстарын ұйымдастыру.
2.7. Ауданның және қаланың коммуналдық қызметтерімен жұмыс.
2.8. Авариялық қызметтердің жұмысын қадағалау.
2.9. ТЖ қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс атқару.
2.10. МСҚБ инспекторларымен бірігіп тұрғын үйлерде пәтерлерді қайта жоспарлауды жүргізетін тұлғалардан рұқсат құжаттарын тексеру.
2.11. Азаматардың өтініштері мен хаттарын қарастыру.
2.12. Бір жылдық есептік кезенге бөлімнің құжаттарын уақытысында мұрағатқа тапсыру.
- Бөлім жұмысын ұйымдастыру.
3.1. Аудан әкімінің, әкім орынбасарларының және әкімнің аппарат басшысының тапсырмаларын орындау.
3.2. Бөлім жұмысын аудан әкімі аппратының белгіленген жоспары, аудан әкімінің тапсырмалары және бөлімнің жұмыс жоспарының негізінде өзге бөлімдерімен және құрылымдық бөлімдерімен бірлесе атқарады.
3.3. Құзыреті шегінде өзге міндеттерді жүзеге асыру.
- Бөлімнің штаттық құрамы.
4.1. Бөлім бекітілген штаттық кестеге сәйкес, 4 қызметкерден тұратын: бөлім басшысы және 3 бас маманынан тұрады. Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі басқармалардың құрылымына және жұмыс көлемі мен қызметкерлердің саны және аппарат ерекшелігіне сәйкес бөлімнің құрылымы мен штатын бекітеді.
4.2. Бөлімнің тиісті қызмет атқаруы үшін аудан әкімі қызмтшілерге: бөлме, компьютерлер, заңнамалық-анықтамалық материалдарын,теелфон жүйесін, қеңсе заттары және т.б қажетті материалдармен қамтамасыз етеді.
4.3. Бөлімде себепті жағдайларға: еңбек,оқу демалыста, іс-сапар, ауырып қалған кездерде бас маман бөлім басшысын алмастырады.
- Бөлім қызметкерлерінің жауапкершілігі.
6.1. Бөлім басшысы, сонымен қатар, бас мамандар:
- бөлімге қызметтік міндеттемелеріне сәйкес жүктелген тапсырмаларды орындамағандығы;
- берілген тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындамағандығы;
- КММ «Медеу ауданы әкіміні аппаратына» тиесілі мүліктің және материалды құндылығы бар заттардың күтіп ұстамағандығы;
- қызметтік және мемлекеттік маңызы бар мәліметтерді айғақтағандығы үшін жауапқа тартылады.