Отдел культурного развития, спорта и оказания государственных услуга аппарат акима Абайского района

    Отдел культурного развития, спорта и оказания государственных услуг
    1. 7. Құқықтары мен міндеттері:
    • Лауазымдық нұсқаулықта қарастырылған міндеттерге байланысты,мәдени даму, спорт және мемлекеттік қызмет көрсету м ұсыныстар енгізуге;
    • Аудан әкіміне мәдени даму, тіл, дін және қоғамдық саяси тұрақтылық тұрғысынанқолдау және мемлекеттік қызметтер көрсетумәселелері бойынша ұсыныс жасауға;
    • Өзінің құзыреті шегінде кәсіпорындар және ұйымдармен қарым-қатынасты іске асыруға;
    • Бөлім жұмысына қатысты жұмыстарды атқаруға байланысты қажетті ақпараттарды олардың меншік түріне қарамастан кәсіпорындардан, мекемелерден және ұйымдардан сұратуға.
    1. Функциялары:
    • Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін, өзге де құжаттарын, қала әкімдігінің қаулыларын, қалалық мәслихаттың шешімдерін, қала, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін, бөлімге айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстарын орындау;
    • Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасымен, ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасымен, дін істері басқармасымен, сала бойынша аудан аумағындағы мекемелермен бірлесе жұмыстар жүргізу;
    • Аудан аумағында мәдениет саласы бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
    • Тілдерді қолдану және дамытудың өңірлік бағдарламаласын іске асыру, маңдайша мәтіндерінің заң талаптарына сай ретке келтіру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
    • Тарихи және мәдени мұраны, ескерткіштерді есепке алу және түгендеу жұмыстарын жүзеге асыру;
    • Аудан аумағында мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру;
    • Аудан аумағында мерекелік безендіру жұмыстарын жүзеге асыру;
    • Мәдени іс-шараларды ұйымдастырады;
    • Аудандағы діни бірлестіктермен жұмыс жүргізуге және теолог мамандардың қатысуымен діни экстремизмнің алдын алу мақсатында жалпы кездесулер ұйымдастыру;
    • Өз құзыреті шегінде жаттықтырушы, әдіскер, нұсқаушы-спортшы және спорт төрешісі біліктілік санаттарын және спортшыларға спорттық разрядтарын беру мемлекеттік көрсетілетін қызметтер түрін жүзеге асыру;
    • Өз құзыреті шегінде «Әскерге шақырудан кейінге қалдыру» және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер түрін жүзеге асыру;
    • Өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi. Азаматтарды аудандықәскери қызметке шақыруды ұйымдастыру (рейд, қажетті заттармен қамтамасыз ету);
    • Шымкент қаласының ономастикалық комиссиясымен (тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, алаңдарға, даңғылдарға, бульварларға, көшелерге, орамдарға, парктерге, скверлерге, көпірлерге және қаланың басқа да құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы) бірлесе жұмыс жүргізу;
    • Аудан аумағында орналасқан мемлекеттік мекемелерде ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Заңына сәйкес жұмыстарды жүргізу;
    • Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен жұмыс жүргізу және аудан аумағында өткізілетін мерекелік іс-шараларды жергілікті БАҚ-тарда жариялау;
    • Қала әкімі бекіткен медиа-жоспарды орындау;
    • Өз құзіреті шегінде ауданның қоғамдық-саяси ахуалының тұрақтылығын қамтамасыз етеді;мемлекеттік саясатты насихаттау және этносаясат жұмыстарын жүргізу;
    • Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес «Е-Өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын қарап, оларды уақытылы әрі сапалы орындау;
    • «109 IKomek» байланыс орталығынан келіп түскен арыз, өтініштерге уақтылы, сапалы жауап беру;
    • Бөлімнің жұмысын салаға жауапты аудан әкімінің орынбасарымен келісе отырып жоспарлау;
    1. Бөлімніңқызметін ұйымдастыру

    Мәдени даму, спорт және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзiнiң негiзгi мiндеттерi мен функцияларын iске асыру үшiн қажеттi өкiлеттiктердi иеленедi.

    1. Мәдени даму, спорт және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
    2. Мәдени даму, спорт және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы бөлімнің қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы үшiн дербес жауапты болады.
    3. Бөлім басшысы, мемлекеттік органның басшылығына бөлімнің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.
    4. Мәдени даму, спорт және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша бөлім атынан басқа бөлімдерге жiберiлетiн құжаттарға бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлға қол қояды.
    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.