Отдел организации кредитования субъектов агропромышленного комплекса

    Общая информация

    Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін несиелендіруді ұйымдастыру бөлімінің қызметі

    1. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау;
    2. Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру;
    3. Бөлім қызметкерлерінің арасында жүктемені тиімді бөлуді қамтамасыз ету;
    4. Мемлекет басшысынан және Қазақстан Республикасының Үкіметінен, басқарма басшысының және жоғары тұрған органдардан түскен тапсырмалардың белгіленген тәртіпте мерзімді орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
    5. Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау, қызметкерлерден еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауды талап ету;
    6. Бөлім функциялары мен міндеттерін орындау барысында Басқарманың бөлімдерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
    7. Бөлім жұмысы жоспарының орындалуын, тапсырмалар бойынша қорытындыларды уақтылы дайындауды, қажетті құжаттарды әзірлеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
    8. Бөлім бас мамандарына тапсырма беру және оны қадағалау;
    9. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырады.
    10. Облыс аумағындағы көкөніс сақтау қоймалары қызметіне мониторинг, талдау жүргізу;
    11. Шығарылатын өнiм түрлерi бойынша өңiрлiк көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру;
    12. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау»;
    13. «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасын субсидиялау»;
    14. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау»;
    15. «Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау»;
    16. «Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау»;
    17. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде микрокредиттерді ішінара кепілдендіру»;
    18. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде микроқаржы ұйымдарының операциялық шығындарын субсидиялау»;
    19. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беру» бюджеттік бағдарламаларын іске асыру.
    20. Жоғары органдардан келіп түскен тапсырмаларды орындау, азаматтардың арыз-шағымдарын қарау және бас мамандарға тапсыру;
    21. Азаматтардан келіп түскен арыз-шағым, өтінішін, т.б. құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету және бас мамандарға тапсыру;
    22. Жоғары тұрған органдар мен мекемелерден келген хаттар, жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарының, өтініштерінің заңда белгіленген тәртіпте қаралуын қамтамасыз ету және бас мамандарға тапсыру;
    23. Басқарма және бөлімнің қызметіне байланысты іс-сапарларға шығу;
    24. Мемлекеттiк тәртiп пен еңбек тәртiбiн сақтау;
    25. Мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз ету;

    26.Мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау;

    27.Қызметтiк міндеттерін тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен біліктiлiгiн арттыру;

    1. Басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесу, өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық жағдайлары туралы басқарма басшылығының назарына немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарлау;
    2. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеу.
    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.