Отдел организации ветеринарных мероприятий Управления сельского хозяйства Туркестанской области
Ветеринариялық шараларды ұйымдастыру бөлімінің қызметі:
1) в етеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
- Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау;
- бөлімше берiлген құқықтар шегiнде және қызмет мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiгiн жүзеге асыру;
- басқарма басшысының бұйрықтарын, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындау;
- бөлімге жүктелген міндеттерді сапалы және уақтылы орындау;
- облыстың ветеринариялық қызметінің жұмысын ұйымдастыру;
- ветеринариялық іс-шаралардың (адам мен малға ортақ аурулардың профилактикасы, диагностикасы және жою іс-шараларын қоса алғанда) ұйымдастырылуын және жүргізілуін жүзеге асыру;
- облыс аумағындағы қаңғыбас ит-мысықтарды аулап жоюды ұйымдастыру;
- жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру;
- денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
- облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
- осы облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
- Қазақстан Республикасының рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптаманы лицензиялау;
- уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекіту туралы облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
- тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
- ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды сақтауды, оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
- Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу), жануарға арналған ветеринариялық паспортты дайындау жөнінде көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
- ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру туралы облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
- процессингтік орталықтан алынған ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды берушілерге олармен беруге шарттар жасасқанға дейін беруді қамтамасыз ету;
- ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру;
- тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды
зерттеп-қарауды жүргізу; - тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
- Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
- ішкі сауда объектілерінде:
-жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өндеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
-ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;
-экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
-экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
-тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
-экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
27) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
28) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
29) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды уәкілетті органға ұсыну;
30) жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
31) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
32) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
33) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөнiндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
34) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;
35) малдарды қолдан ұрықтандыру бекеттерінің жұмыстарына мониторинг жүргізу;
36) облыс аумағында аса қауіпті жұқпалы және энзоотиялық аурулардан қорғау мақсатында аумақтық мекемелермен өзара бірлесіп жұмыс атқаруды үйлестіру, эпизоотияға қарсы іс-шаралардың ұйымдастырылуына, оның орындалуына және бөлінген қаржының игерілуіне жауапты, ветеринариялық іс-шаралардың (адам мен жануарларға ортақ аурулардың профилактикасы, диагностикасы және жою іс-шараларын қоса алғанда) ұйымдастыру және жүргізу;
37) ҚР АШМ ай, тоқсан, жарты жылдық және жыл қорытындысымен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру есеп-қисаптарын тапсыруды қамтамасыз ету.
38) бірдейлендіру ережесіне сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларына «Казагромаркетинг» АҚ» мекемесі арқылы жеке нөмір дайындау, атрибуттарды қабылдап алу, бірдейлендірілген жануарлардың мәліметтерін дерекқорға енгізу;
39) облыстың індеттік ахуалына болжау жасау;
40) басқарма және бөлімнің қызметіне байланысты іс-сапарларға шығу;
41) мемлекеттiк тәртiп пен еңбек тәртiбiн сақтау;
42) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң әдеп кодексі талаптарын бұлжытпай орындау;
43) мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз ету;
44) мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау;
45) қызметтiк міндеттерін тиiмдi атқару үшiн бөлімнің кәсiби деңгейi мен біліктiлiгiн арттыру;
46) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесу, өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық жағдайлары туралы басқарма басшылығының назарына немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарлау;
47) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеу;
48) осы ережеде тікелей қаралмаған, бірақ бөлімнің жалпы қызметіне сәйкес құзретіне қатысты өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.