Отдел по проведению процедур приватизации, передачи в пользование областного коммунального имущества и правового обеспечения
Міндеттері мен функциялары:
1) өз құзыреті шегінде облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және оларды облыс әкімдігінің қарауына ұсынады;
2) ауданның, облыстық маңызды бар қаланың коммуналдық мүлікті басқару саласында өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жұмысын үйлестіреді;
3) облыстық коммуналдық мүліктің пайдаланылуына және сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді;
4) облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ, мүлікті кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіру туралы шешім қабылдайды;
5) облыстық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешім қабылдайды;
6) облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ, мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
7) облыстық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға алуға), кейіннен сатып алу құқығынсыз немесе кейіннен сатып алу құқығымен, сенімгерлікпен басқаруға береді;
8) коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындайды;
9) мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру, мүліктік жалдауға (жалға алуға), облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру мәселелері жөніндегі комиссияларды құрады;
10) жалға берушінің (жалға алушының), мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының, коммуналдық мүлікті сатушының функцияларын жүзеге асырады;
11) сенімгерлікпен басқарушының облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге асырады;
12) облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкін есептен шығаруға келісім береді;
13) аудандар мен елді мекендерде басқарма басшылығының жеке қабылдауларын ұйымдастыру және өткізу;
14) басқарма басшысының бұйрықтары мен ережелердің және ағымдағы өзге де құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасы мен басқарманың ережесіне сәйкестігін қарау;
15) басқарманы заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу мен қайта тіркеу бойынша жұмыстарын жүргізу;
16) сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттiк орган қызметiнiң құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде Басқарманың өзге бөлімдеріне демеушілік жасайды;
17) басқарма әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;
18) жеке және заңды тұлғалардан келген арыз – шағым, өтініштерді тіркеу, есепке алу және оларға уақытылы жауап берілуін қадағалайды, сонымен қатар тиісті есептерді және басқа да тапсырмаларды дайындайды;
19) мемлекеттік рәміздердің орналастырылуын, стандартқа сәйкестігін қамтамасыз ету.
20) өз құзіреті шегінде заңды және жеке түлғалардан келіп түскен арыз-шағымдарды қарайды;
21) Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерімен және басқарма басшылығымен бөлімге жүктелген функцияларды атқарады.