Отдел по работе с педагогами и государственных услуг

    Общая информация

    Маңғыстау облысының білім басқармасының

    Бақылау - кадр бөлімі туралы

    ЕРЕЖЕ

    1. Жалпы ережелер
    1. Бақылау-кадр бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Маңғыстау облысының білім басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және басқарманы кадрмен қамтамасыз етеді және облыстағы білім беру ұйымдарының кадр мәселерін жүзеге асырады.
    2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын (бұдан әрі – Заң), мемлекеттік қызмет, азаматтық қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін өзге де, білім саласына қатысты Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, облыс әкімдігінің және әкімінің актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
    3. Бөлім 2 мемлекеттік қызметші, 2 азаматтық қызметкерден, 4 бірліктен тұрады:

    1) басшыдан;

    2) бас маманнан;

    3) 2 әдіскерден.

    1. Бөлімнің штат саны білім басқармасының басшысының бұйрығымен бекітіледі.
    2. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
    1. Міндет: Білім басқармасының іс-қимыл жоспарына сәйкес, бөлімнің жоспарын жасақтау.

    Функциялары:

    1) Бөлімнің алдағы және ағымдағы кезеңдерге арналған жоспарларын жасақтайды;

    • Бөлім жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді;
    • Жоспардың орындалысы туралы басшылыққа ақпарат береді.
    1. Міндет: Бөлімге тапсырылған міндеттердің орындалуын қадағалау.

    Функциялары:

    • Бөлімдегі қызметкерлердің орындаушылық тәртібін қадағалайды;

    2) ағымдағы есептік мәліметтерді, тоқсандық және жылдық есептерді және басқа да сараптамалық мағлұматтар мен ақпараттарды бекітілген үлгілерде және уақыттарда сапалы тапсыруларын қамтамасыз етеді:

    3) Бөлім қызметкерлерінен алған есептерге, мәліметтерге және ақпараттарға сараптама жасап, жоғары ұйымдарға беру үшін жиынтық ақпарламалар дайындайды.

    3.Міндет: Құзырлық ететін саласы бойынша Қазақстан Республикасының білім саласындағы Заңдарының және нормативтік актілерінің жүзеге асыру.

    Функциялары:

    1) Мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарын, Қадамдық іс-шаралар жоспарын жасақтау арқылы жүзеге асырады;

    1. Міндет: Басқарманың мемлекеттік қызметшілердің тұтас жүйесін қалыптастыру.

    Функциялары:

    1) Басқарманың кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру

    2) Басқарманың кадрларға, оның ішінде мамандықтар және біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;

    3) Басқарманың кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «Е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу.

    1. Міндет: Мемлекеттік қызметкерлердің тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету.

    Функциялары:

    1) Басқарманың кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру;

    2) Басқарманың кадрлардың кәсіби дамуын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді белгіленген мерзімдерге сәйкес тағылымдамалардан, даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жолмен қамтамасыз ету;

    3) конкурстық, тәртіптік, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

    4) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне аттестаттау мен оқытуды, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйесінде), қызметін өткеру, қызметтік тексерулер мен тоқтату рәсімдерін сақтауына, бағалау жүргізуді қамтамасыз ету;

    5) кадрларды іріктеуді ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды жүргізуді ұйымдастыру.

    1. Міндет: Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен, облыс әкімінің және Білім және ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасымен, алғысымен марапаттау үшін материалдарды әзірлеу, ұсыну және оларды табыстауды ұйымдастыру.

    Функциялары:

    1) мемлекеттік наградаларға ұсыну бойынша материалдарды уақытылы және сапалы әзірлеуді ұйымдастыру;

    2) наградалар мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің кадр мәселесі бөлімімен, облыс әкімдігінің кадр бөлімімен, қалалар мен аудандардың білім бөілімдерімен байланыс орнату;

    4) білім саласының қызметкерлерін марапаттауға ұсыну мәселелері бойынша аудандық, қалалық білім бөлімдерімен, бағынысты мекемелерімен және басқа органдармен өзара іс-қимыл жасау.

    1. Міндет: Білім басқармасының және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары басшыларының жеке іс-қағаздарын ұйымдастыру.

    Функциялары:

    1) Басқарма қызметкерлері мен ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары басшыларына жеке құрамға қатысты, іссапар туралы бұйрықтарды дайындайды. Аппарат қызметкерлерінің жұмыс уақытының табелін жүргізеді;

    2) Басқарма қызметкерлерінің еңбек кітапшаларына, жеке іс құжаттарына мерзімінде өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, кезекті еңбек демалысының кестесін жасау.

    1. Міндет: Ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары басшыларын аттестаттауды ұйымдастыру.

    Функциялары:

    1) Ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары басшыларын аттестаттаудан өту кестесін жасақтау;

    2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің білім беру ұйымдарының басшыларын аттестаттаудан өткізуге арналған талаптарын орындау арқылы өткізу.

    1. Міндет: Аудандық (қалалық) білім бөлімдеріндегі, білім беру ұйымдарындағы басшы құрамын аттестаттауды өткізудің тәртібін бақылау.

    Функциялары:

    1) Аудандық (қалалық) білім бөлімдеріндегі, білім беру ұйымдарындағы басшы құрамын аттестаттау комиссиясына сұранысқа сәйкес мүше болу;

    2) Аудандық (қалалық) білім бөлімдеріндегі, білім беру ұйымдарындағы басшы құрамын аттестаттау жұмысына жоспарға сәйкес зерделеу жүргізу.

    1. міндет: Облыстағы педагог кадрларды аттестаттауды (біліктілігі жоғары, бағынысты мекемелер біліктілігі жоғары және бірінші) ұйымастыру.

    Функциялары:

    1) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің педагог кадрларды аттесаттаудан өткізу туралы бұйрығына сәйкес өткізу;

    1. міндет: Жалпы педагог кадрлар туралы жұмысты үлестіру.

    Функциялары:

    • Облыстағы педагог кадрлардың сапалық құрамына есеп жүргізу;
    • Педагог кадрлардың қажеттілігін анықтау;

    3) Жалпы орта білім беру ұйымдарын педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету, оларды жоғары және орта кәсіптік оқу орындарында дайындау жөнінде ұсыныстар беру;

    4) Жас мамандарды жұмысқа орналастыруды ұйымдастыруға бақылау жасайды.

    1. Міндет: Мекеменің құқықтық жұмысына әдістемелік басшылық жасау.

    Функциялары:

    1) Құрылымдық бөлімшелерге әртүрлі сипаттағы құқықтық құжаттарды әзірлеуге көмектесу;

    2) Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен Білім басқармасы

    мүдделерін білдіру;

    3) Мекеменің бірінші басшысының тапсырмасы бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және мемлекеттік органның құқықтық мәселелері жөніндегі құжаттарын дайындау;

    4) Білім басқармасының жеке құрамының арнайы тексеру құжаттарын әзірлейді, аппарат қызметкерлерінің салық комитетіне декларация тапсыруын қадағалау;

    5) Қызметкерлерді тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тарту бойынша қорытынды шешім дайындау;

    6) Мекеме қызметкерлеріне заңгерлік көмек көрсетеді, құқықтық сұрақтар бойынша кеңес беру;

    7) Сыбайлас жемқорлықпен күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, жоспарға сәйкес жұмыстардың орындалысын бақылайды, ақпарламалар дайындау:

    8) Басқарманың әкімшілік жұмыстарын ұйымдастырады және жетекшілік жасау;

    9) Азаматтардан және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштердің мерзімінде орындалуын бақылау;

    10) Тоқсан сайын «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» №1-ОЛ нысанды статистикалық есеп дайындау.

    1. Міндет: Жоғарғы және бірінші санатты мұғалімдердің үлесін көбейту жөніндегі жұмыстарды үлестіру.

    Функциялары:

    1. Облыстағы педагог кадрларды аттестаттаудан өткізу жұмыстарын бақылайды.
    2. Облыстағы педагог кадрларға біліктілігі жоғары, бағынысты мекемелер біліктілігі жоғары және бірінші санатты беру жұмыстардын ұйымастыру
    3. Міндет: Бөлімге келіп түскен арыз, шағымдарға заң шеңберінде мезгілінде жауап беруін ұйымдастыру.

    Функциялары:

    1) Бөлімге түскен лауазымдық міндеттеріне қатысты өтініштерге, арыздарға зерделеу жүргізу және уақытылы жауап дайындайды.

    1. Бөлім Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын және өзге де мемлекеттік қызметшіге қойлатын міндеттер мен функцияларды іске асыруға жауапты.
    2. Бөлім негізгі міндеттерін іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында өз құзыреті шегінде:

    1) құзыреті шегінде барлық жергілікті мемлекеттік органдардың, ақпараттық деректер банкін қолдануға;

    2) өз құзыреті шегінде осы Ережеге сәйкес зерделеу жүргізуге;

    3) Бөлімнің және Басқарманын функционалдық қызметіне қажетті ақпарат пен құжаттарды аудандық, қалалық білім бөлімдерінен, бағынысты меекмелерден, жергілікті және аумақтық органдардан, басқармалардан сұратуға және алуға;

    4) тексерулердің тікелей нәтижелері және нақты орындалған жұмыс көлемдері туралы Басқарма басшысын хабардар етуге;

    5) құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;

    6) Бөлім жұмысының бағыттарына сәйкес мәселелерді талқылау кезінде кеңестер мен комиссиялардың жұмысына қатысуға;

    7) Білім басқарма басшысының тапсырмасына сәйкес Бөлімнің қызмет бағыттарына қатысты мәселелер бойынша қалалық, аудандық білім бөлімдері,

    бағынысты мекемелердің қызметіне зерделеу жүргізуге;

    8) Бөлімге жүктелген міндеттерге сәйкес жүргізілетін іс-шараларды жасақтауға және іске асыруға бағынысты мекмелердің, Басқарманын қызметкерлеріне тартуға;

    9) Бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

    10) Заңмен және осы ережемен жүктелген міндеттері мен функцияларын орындау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды Басқарманың басқа құрылымдық бөлімдерінен сұратуға.

    1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
    1. Бөлім Басқарманың басқа құрылымдық бөлімшелерінен ұйымдастырушылығы дербес, басқарма басшысына тікелей бағынады.
    2. Бөлімді қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқарма басшысымен қызметке тағайындалатын және қызметінен босатылатын басшы басқарады.
    3. Бөлім басшысы болмаған уақытта оның міндеттерін басқарма басшысының бұйрығына сәйкес, бас маман атқарады.
    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.