Отдел по развитию предпринимательства и промышленности Медеуского района
Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімі
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімінің
ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ережелер
1.Аудан әкімі аппаратының кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімі, (әрі қарай бөлім) Коммуналдық мемлекеттік мекеме «Алматы қаласы әкімдігінің Медеу ауданы әкімі аппаратының» құрылымдық бөлімі болып табылады, тікелей аудан әкімі орынбасарының және бөлім басшысының басқаруымен жұмыс істейді.
2.Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Кәсіпкерлік туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің Жарлықтары мен қаулыларын, Алматы қаласы Мәслихатының өкімдері, қала әкімі және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін, аталған Ережені басшылыққа ала отырып іске асырады.
3.Бөлім басшысы әкім орынбасарының ұсынысымен қызметке аудан әкімі өкімімен қабылданады және босатылады. Әкім аппаратының кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы (әры қарай бас маман) әкімнің орынбасары және бөлім басшысының келісуімен қызметке аудан әкімінің өкімімен қабылданады және босатылады.
4.Қызметке қабылдау, ауыстыру және қызметтен босатылу жұмыстары әкімнің орынбасары және бөлім басшысының келісуімен аудан әкімінің өкімімен іске асырылады.
5.Бөлім қызметшілері арасындағы қызметтік міндеттемелерін қызметтік талаптарға сай бөлім басшысымен белгіленеді.
6.Бөлім өз жұмысын аудан әкімі орынбасарымен бекітілген жоспар бойынша іске асырылады.
- Бөлімнің атқарылған жұмыстары жөнінде берілетін есептері, аппарат басшысы және Медеу ауданы әкімінің орынбасары белгілеген түрлерінде және мерзімде іске асырылады.
- Қызметі және мақсаты
- Бөлімнің негізгі мақсаты:
Өзінің құзыреті шегіндекәсіпкерліктің және өнеркәсіптің дамуына ықпал ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі алдыңғы кезекті жоспарды бекіту туралы» №1039 Қаулысына сәйкес, инвестициялық жобаларды ақпараттық қолдау, аудандық өндірістік мекемелерінің негізгі даму бағыттарын айқындау.
- Бөлімнің негізгі қызметі:
Кәсіпкерлікті қолдау, заңсыз жерлердерде орналасқан сауда орындарын жою мәселесі бойынша аудандық қызмет және бөлімдермен, құқық қорғау және өзге де осы мәселеге қатысы бар мемлекеттік органдармен өзара қарым қатынас байланысын орнату, жандандыру.
Жетекшілік етілетін банктік мекемелер, ұсақ сауда обьектілері, базарлар мен қоғамдық тамақтандыру, байланыс, сауда, қызмет көрсету салалары, өнеркәсіп мекемелерінің қызметтерін талдау және болжау (жобалау).
Меншіктік нысанына қарамастан жетекшілік етілетін ұйымдар мен мекемелерге қатысты талдау материалдары мен анықтамаларды дайындау, қажетті мәліметтерді жинау.
Тұрғындар тығыз орналасқан елді мекендердің ерекшелігін ескере отырып, әлеуметтік-мәдени, тұрмыстық бағыттағы обьектілердің қажеттілігін зерттеу, аталған мәселе бойынша ұсыныс енгізу.
Бос жұмыс орындары, бос ғимараттар, шағын және орта бизнес обьектілері бойынша толық деректер қорын жасау, құру.
Жоғары тұрған мекемелердің өкімдері мен қаулыларын, сонымен қатар, бақылаушы қызметтер мен өзге де нормативтік актілердің талаптарын түсіндіру, насихаттау бойынша шағын бизнес өкілдеріне аудандық семинарлар ұйымдастыру.
Жоғары тұрған мекемелердің құжаттары негізінде ұсыныстар енгізіп, жоспарлар құру, оны шағын және орта бизнес өкілдерінің назарына жеткізу, орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
Жоғары тұрған мекемелерден келіп түскен тапсырмаларды орындау мақсатында аталған сала бойынша жетекшілік жүргізетін аудан әкімі орынбасарының келісімімен өзге де мекемелер мен ұйымдардың мамандарын жұмылдыру.
Бөлім құзіретіне кіретін сала бойынша аудан тұрғындарының арыздары мен шағымдарын қабылдау, қарау.
- Құқықтары
- Заңсыз жерлерде орналасқан сауда орындарын жою бойынша аудандық қызмет және бөлімдермен, құқық қорғау және өзге де осы мәселеге қатысы бар мемлекеттік органдармен өзара қарым қатынас байланысын орната отырып және барлық әкімшілік заңнамалық процедураларына және ҚР ӘҚК сәйкес мониторинг жүргізу.
Аудан әкімінің қарауына бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу.
Бөлім қызметшілерінің біліктілігін арттыру және ыңғайлы еңбек жағдайын қалыптастырылуын қамтамасыз ету.
- Жауапкершілік
- Бөлім қызметшілері міндеттемеге сәйкес жүктелген тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындауға жауапты.