Отдел поддержки инвестиционных проектов и продвижения экспорта
Инвестициялық жобаларды қолдау және экспортты жылжыту бөлімінің қызметі:
- әр жыл сайын бөлімнің атқарылатын жұмыс жоспарын түзу және іске асыру;
- экспортқа шығарылатын өнімнің жұмыс жоспарын құру;
- өндірілген және өңделген өнімдерді экспортқа шығаратын кәсіпкерлерді ҚР заңнамалық актілеріне сәйкес қажеттіліктерін қамтамасыз ету;
- дайын өнімдерді экспортқа шығаратын кәсіпкерлердің жұмыстарын оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізу;
- инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бюджеттік бағдарламаны іске асыру;
- инвестициялық жобаларды субсидиялау бойынша құжаттарды қабылдап, заңға сәйкес рәсімдеу;
- инвестициялық субсидиялау мәселері жөніндегі комиссиясы отырысын ұйымдастыру, нәтижесі бойынша хаттама түзу;
- инвестициялық субсидиялау бойынша мақұлданған инвесторлармен қаражат аудару және сатып алынған мүліктерді 3 жылға дейін иеліктен шығармау туралы келісім шарттар әзірлеу;
- субсидияланған инвесторлардың объектілеріндегі сатып алынған мүліктеріне т.б. тиімді пайдалану мақсатында 3 жыл ішінде мониторинг жүргізу;
- тартылған инвестиция мен экспортқа шығарылған өнімнің мониторингін жүргізу;
- өнімді экспортқа шығару бойынша қалалық, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдерімен ақпарат алуды, қажетті құжаттар тізілімі жөніндегі ақпараттарды талдауды;
- агроөнеркәсіптік кешенде инвестициялық қаржылардың көлемін ұлғайту мақсатында даму институттары, инвесторлар мен жергілікті атқарушы органдар арасында меморандум, келісімдер жасау;
- талданған ақпарат бойынша, басшылыққа ұсыныс енгізу жұмыстары;
- ай сайын облыстық статистика департаментінен алынған статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, облыс, қала және аудандар бойынша ауыл шаруашылық саласындағы тартылған инвестиция мен шығарылған экспорт көрсеткіштерін қортындылау;
- жоғары тұрған органдар мен мекемелерден келген хаттар, жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдары, өтініштерінің заңда белгіленген тәртіпте орындау;
- басқарма және бөлімнің қызметіне байланысты іс-сапарларға шығу;
- мемлекеттiк тәртiп пен еңбек тәртiбiн сақтау;
- мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі талаптарын бұлжытпай орындау;
- мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз ету;
- қызметтiк міндеттерін тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен біліктiлiгiн арттыру;
- азаматтардан келіп түскен арыз-шағым, өтінішін, т.б. құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету;
- басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесу, өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық жағдайлары туралы басқарма басшылығының назарына немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарлау;
- сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеу.