Отдел поддержки социальной защиты аппарат акима Абайского района г.Шымкент
3.1.Бөлімге жалпы басшылық жасайды, тапсырмалар мен құжаттардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету;
3.2. Көп балалы аналарды «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларына ұсыну бойынша аналардың құжаттарын күнделікті қабылдап, қала әкімдігіне ұсынымдар әзірлеу және батыр аналарды марапаттау жұмыстарын ұйымдастыру;
3.3. Шымкент қаласы грамотасына, Шымкент қаласының Құрметті азаматы атағына үміткер азаматтардың құжаттарын қабылдап, қала әкімдігіне ұсынымдар әзірлеу;
3.4. Діни бірлестіктермен жұмыс жүргізу, аудандағы діни тұрақтылықты сақтау бойынша жұмыстар ұйымдасты;
3.5. Заңға сәйкес тілдерді қолдану және дамытудың өңірлік бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстарды жүргізу.
3.6. Қалалық ономастикалық комиссияның қарауына құжаттарды рәсімдеу.
3.7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
3.8. Аудан аумағында мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру. Өткізілген мерекелік іс-шаралар туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастыру;
3.9. Қаланы мерекелік безендіру және кіші сәулеттік пішіндерді күтіп ұстау жұмыстарын ұйымдастыру;
3.10. Көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін сәулеттік жарықтандыру;
3.11. Қоғамдық ұйымдармен, үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жүргізу.
3.12. ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдауын және мемлекеттік саясатты насихаттау жұмыстарын, этносаясатты жүргізу;
3.13. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
3.14.Өз құзіреті шегінде жаттықтырушы, әдіскер, нұсқаушы-спортшы және спорт төрешісі біліктілік санаттарын және спортшыларға спорттық разрядтарын беру жұмыстарын ұйымдастыру.
3.15. «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру», «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан бас тарту» жұмыстарын жүргізілуін ұйымдастыру;
3.16. Тарихи және мәдени мұраны сақтау жұмыстарын ұйымдастыру;
3.17. Маңдайша мәтіндерінің тиісті заң талаптарына сай ретке келтіру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
3.18. Аудан әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жұмысын үйлестіру;
3.19. Кәмелет жасына толмағандар арасында зорлық-зомбылықтың, құқықбұзушылықтың және оларға қатысты жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың алдын алумақсатында аудандық жергілікті полиция бөлімімен бірлесе жұмыс жүргізу;
3.20. Тұрмысы төмен отбасылардың, мүгедектердің, соғыс және еңбек ардагерлерінің материалдық жағдайына зерттеу жұмыстарын жүргізіп ұсыныс енгізу;
3.21. Тиісті аумақта атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша комиссия жұмысын ұйымдастыру;
3.22. Ауданда тұратын ҰОС ардагерлерінің, көп балалы отбасыларының, жетім, жартылай жетім балалардың тізімін түзіп көмек көрсету үшін қайырымдылық акцияларын ұйымдастыруға ықпал жасау.
3.23. Ауданда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында өз құзіреті шегінде жұмыстар ұйымдастыру;
3.24. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қатысты құжаттардын «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіне мерзімінде, сапалы енгізілуін қамтамасыз ету және аталған жүйеде мемлекеттік қызметшілердің жүйелі түрде жұмыс жүргізілуін қатаң қадағалау;
3.25. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес, «Е-өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің біріңғай платформасы арқылы жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын қарауға, сотта қаралатын істерге өзі қараған әкімшілік іс (әкімшілік акт) бойынша жауапкер ретінде қатысуға;
3.26. «109 IKomek» байланыс орталығынан келіп түскен арыз, өтініштерге уақтылы, сапалы жауап беру және орындалуын бақылауға алу;
3.27. Қала және аудан әкімінің тапсырмаларының мерзімінде орындалуына бақылау жасау;
3.28. Бөлім қызметкерлерінің, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне және мекемелерден түскен хаттарға мерзімінде және сапалы жауап беруіне бақылау жасау;
3.29. Қала әкімінің құрылымдық бөлімдері, мемлекеттік мекемелер, құқық қорғау органдары, коммуналдық мекемелер, аудандық ардагерлер кеңесі, кәсіпорындар және басқа да қоғамдық, діни бірлестіктер және ұйымдармен бірлесіп жұмыс жүргізу;
3.30. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулердi сақтауға;
3.31. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық әрекеттерді болдырмауға, өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізуге;
3.32. Қызметтік әдепті сақтауға;
3.33. Қызметтік тәртiпті сақтауға;
3.34. Азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға және олар бойынша қажеттi шаралар қабылдауға;
3.35. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде төрешілдік көріністеріне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу;
3.36. Мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға тиіс.