Отдел производства и переработки продуктов животноводства Управления сельского хозяйства Туркестанской области
Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
1 Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасының Президентінің актілерінде, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
2 Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.
3 Бөлімге тікелей басшылық жасауды басқарма басшысының орынбасары жүзеге асырады.
4 Бөлім басшысы (ол болмаған жағдайда бөлімінің бас маманының бірі) бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
5 Бөлім басшысы:
1) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Қазақстан Республикасы заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, облыс әкімдігінің қаулыларына, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдеріне және актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
6 Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын бас маман қол қояды.
7 Бөлім басшысы мен бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттері олардың лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес айқындалады.