Отдел развития молодежных инициатив и работы с группой Neet Молодежного ресурсного центра Алматинской области
Общая информация
ІІІ. Бөлімнің негізгі міндеттері:
- Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін және Қазақстан Республикасының бөлім қызметіне қатысты өзге де нормативтік-құқықтық актілерін білу және сақтау;
- Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету, азаматтардың өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіпте және мерзімде қарау, олар бойынша қажетті шара қолдану;
- Заңнамамен белгіленген, еңбек тәртібін және қызмет этикасы нормаларын сақтау;
- Орталық директорының бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыреттіліктері шегінде шығарылған шешімдері мен нұсқаулықтарын орындау;
- Қызметтік міндеттерін орындау кезіндегі алынған, азаматтардың жеке өміріне, ар-намысына әсер ететін мәліметтерді құпияда сақтау;
- Мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;
- Сыбайлас жемқорлық оқиғалары белгілі болған жағдайда орталық директорына, басқарма басшысына немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарлау;
- Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жиналыстарға, коллегияларға, комиссия отырыстарына материалдар әзірлеу;
- Бақылауға алынған құжаттардың мерзіміне сәйкес орындалуын қадағалау және есепке алу.