Oтдел управления коммунальной собственностью Управление по государственным закупкам и коммунальной собственности Атырауской области

    об отделе
    • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру жөніндегі қажетті шараларды жүзеге асыру;
    • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мүлікті коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен екінші деңгейге беру бойынша қажетті шараларды жүзеге асыру;
    • облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіру бойынша қажетті шараларды жүзеге асыру;
    • облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіруді жүзеге асыру, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды жүзеге асыру және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылау;
    • бақылауды жүзеге асыру үшін сатып алу-сату шартын орындауға байланысты, оның ішінде өз қолданысын тоқтатқан құжаттармен танысуға және сарапшыларды, бағалаушыларды, сондай-ақ консультациялық, аудиторлық және өзге де ұйымдарды жұмысқа тартуға құқылы;
    • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқықтарына ие болу және шарт жасасуды жүзеге асыру;
    • өз құзыреті шегінде облыстық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
    • азаматтардың өтініштеріне уақтылы әрі сапалы жауап беру және өтініштерді тіркеу карточкасына деректерді сапалы енгізу;
    • коммуналдық меншікті басқару саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.