Отдел водных ресурсов

    Общая информация

    Су ресурстары бөлімінің қызметі

    1. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау.
    2. Облыста агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламаларын іске асыру;
    3. Су пайдаланушылар арасында су пайдалану лимиттерін бөлу;
    4. К оммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын басқару, оларды қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру ;
    5. Мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының есебін жүргізу, иесіз су шаруашылығы құрылыстары табылған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсімдерді жүргізу;
    6. Су қорын пайдалану, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
    7. өз құзіреті шегінде конкурстық негізде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануғаберу;
    8. Өз құзіреті шегінде бассейндік кеңестердің жұмысына және бассейндік келісімге қатысу, су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі ұсыныстарды бассейндік кеңестердің қарауына енгізу, бассейндік кеңестердің ұсынымдарын зерделеу, оларды іске асыру жөнінде шаралар қолдану;
    9. Өз құзіреті шегінде су объектілерін ұтымды пайдалану, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі, оның ішінде жерді гидромелиорациялау, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
    10. Өз құзіреті шегінде судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындармен басқа да құрылыстарды орналастыруды және пайдалануға берудi, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс, түбiн тереңдету және басқа да жұмыстарды жүргiзу шарттарын келiсу;
    11. Тиісті аумақтарда су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу;
    12. Су шаруашылығы құрылыстарындағы авариялардың зардаптарын жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
    13. Тиiстiаумақтарда орналасқан су объектiлерiнiң, сумен жабдықтау және су беру жүйелерінің жай-күйiтуралы халықты хабардар етудiжүзеге асыру;
    14. Жер үстiкөздерiндегiсу ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын әзiрлеу;
    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.