"Қарқаралы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ
"Қарқаралы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ
Мемлекеттік мекеменің миссиясы:
- ауданның мәдени ұйымдары мен өнерінің, аудан аумағында тұратын халықтар мәдениетінің сақталуы мен дамуы бойынша жұмысты ұйымдастырады;
- бұқаралық ақпарат құралдарында республика дамуының жалпы ұлттық мемлекеттік стратегиясын түсіндіруі және насихаттауы бойынша жұмысты ұйымдастырады;
- аудан деңгейінде әсерлі және мәдени – көпшілік шаралардың өткізілуін жүзеге асырады;
- кітапханалық, ақпараттық және анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетуде оқырмандардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын жүзеге асырады.
- Міндеттері:
- жоғары деңгейлі кәсіби өнердің және халықтың көркем шығармашылығының дамуын қамтамасыз ету;
- халықтың әртүрлі мәдени ойын-сауық қызметін қамтамасыз ету және ықпал ету;
- саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен, кәсіби одақтармен өзара іс-қимыл;
- мемлекеттік тілдің дамуы бойынша жұмысты ұйымдастырады;
5) тарихи – мәдени мұраны есепке алу, қорғау және пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастырады.