Сарысу ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесі

    Кеңсе бөлімшесі

    Кеңсе бөлімшесінің басшысы кеңсенің жұмысына басшылық жасауға6 кеңсе қызметкерлерінің қызметін үйлестіруге, кеңсеге тапсырылған барлық тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етуге, кеңсенің айлық, тоқсандық жұмыс жоспарларын дайындап, орындалуын қамтамасыз етуге. Кеңсе қызметін жақсарту, оның құрылымын жетілдіру жөнінде шаралар қолдануға, кеңсе қызметкерлерінің тапсырмаларды сапалы және уақтылы орындауын қамтамасыз етуге, аудан әкімі аппаратының басшысына құжаттармен жұмыстың жағдайы, олардың айналымы, хаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралу барысы туралы үнемі хабарлап отыруға, аудан әкімі аппаратына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің уақытылы орындалуын бақылауға. Өтініштердің статистикалық есебін жүргізіп, тиісті органдарға есептіліктердің сапалы берілуін қамтамасыз етуге, аудан әкімі аппаратына келіп түскен хат-хабарларға уақытылы жауап берілуін бақылауға, аудандық әкімдік мәжілісін тиісті деңгейде дайындауға, әкімдік мәжілісінің күн тәртібін жасауды, құжаттарды редакциялауды, көбейтуді, мәжілістің хаттамалануын ұйымдастыруға, әкімдіктің, әкімнің актілерінің сақталуын, орындаушыларға уақытылы таратылуын қамтамасыз етуге, аудан әкімі мен орынбасарларының, аппарат басшысының төрағалық етуімен өткен мәжілістерді хаттамалауға, аудан әкімі аппаратының жиынтық істер номенклатурасын өндеп, құжаттардың мұрағатқа дер кезінде өткізілуін қамтамасыз етуге, қызметтік бланктер, мөртабандар, мөрлер дайындауға тапсырыстарды ресімдеуге, қызметтік бланктер, мөртабандар мен мөрлердің сақталуын және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге, Жаңатас қаласы мен ауылдық округ әкімдері аппараттарындағы, сондай-ақ аудан әкімдігі бөлімдерінің құжат айналымының жай-күйін зерделеп, тиісті анықтамалар дайындауға, құпиялылық белгісі бар құжаттармен жұмыс жүргізіп, мемлекеттік құпияларды қорғау шараларын атқаруға, аудан әкімінің жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастыруға. көтерілген мәселелердің орындаушыларға жолдануын қамтамасыз етуге, жергілікті атқарушы орган басшыларының ауылдық округтерде жеке қабылдау өткізу кестесін әзірлеп, өтуін ұйымдастыруға, кеңсе жұмысына қатысты нұсқаулықтар мен басқа да тиісті актілер талаптырынң сақталуына бақылау жасауға, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын орындау және жұмыс барысында ескеруге. ұялы байланыс құрылғыларын мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына (бұдан әрі -МО БКО), жергілікті атқарушы органдардың желісіне, МО БКО құрамына кіретін техникалық құралдарға қосылуына жол бермеу туралы талапты орындауға, жоғарғы органдарға ұсынылатын жедел ақпараттардың мерзімінде орындалуын қамтамасыз етуге, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен хаттарының орындалуын уақытылы қамтамасыз етуге, аудан әкімінің, әкім орынбасарларының, аппарат басшысының басқа да тапсырмаларын орындауға міндетті.

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.