Сарысу ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімшесі
Қаржы-шаруашылық бөлімшесінің басшысы міндетті: қаржы-шаруашылық бөлімшесінің жұмысына басшылық жасап, бөлімшеге берілген тапсырмалардың уақытылы, сапалы орындалуын қамтамасыз етуге, қаржы-шаруашылық бөлімшесінің кадрларының, олардың біліктілік деңгейін жоғарылату жөнінде ұсыныс енгізуге, қаржы-шаруашылық бөлімшесінің жұмыс жоспарының орындалуын ұйымдастыруға, бюджеттік бағдарлама бойынша бухгалтерлік есеп, төлем есептерін жоспарлау, материалдық құндылықтарды тіркеу, сақтау және қаржы-шаруашылық жұмыстарды ұйымдастыруға, ауданның атқарушы органдарында деректерді қорғауға қатысты ақпараттық қауіпсіздікке жауапты болуға, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын орындау және жұмыс барысында ескеруге. ұялы байланыс құрылғыларын мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына (бұдан әрі -МО БКО), жергілікті атқарушы органдардың желісіне, МО БКО құрамына кіретін техникалық құралдарға қосылуына жол бермеу туралы талапты орындауға, «мемлекеттік сатып алу туралы» қазақстан республикасының заңының орындалуын қадағалап, орындалуын қамтамасыз етуге, аудан әкімінің аппарат басшысын қаржы-шаруашылық мәселелері құжаттары мен жұмыстың жағдайы туралы хабардар етіп отыруға, банктік операциялық құжаттарын, статистикалық, салық және әлеуметтік есептіліктерінің нысандарын дұрыс орындалуын қамтамасыз етуге, ғимарат аумағының көріктендірілуін, абаттандырылуын, санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге, қаржылардың уақытылы, мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етуге, аудан әкімдігі мәжілісін, аудан әкімі өткізетін кеңестер мен өзге де іс-шараларды материалдық-техникалық түрде және мәжіліс залдарының тазалығын толық қамтамасыз етуге, аудан әкімінің, әкім орынбасарларының, аппарат басшысының басқа да тапсырмаларын орындауға міндетті.