"Түлкібас аудандық мәслихат аппараты" ММ

    Общая информация
    1. Мәслихаттардың құзыретiне:


    1) тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту, соның ішінде аудан, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері іске асыратын бюджеттік бағдарламаларды бекіту;

    2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымдары негізінде қалыптастырылған әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын әкімнің ұсынуы бойынша бекіту;
    3) өздерiнің қарауына жатқызылған әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу;

    4) жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту;
    5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтетiн үлгiлiк қағидалар негiзiнде әзiрленген жасыл екпелердi күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекiту;

    6) әкімнің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешiмімен тиісті әкімдіктің дербес құрамын келісу;

    7) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен, әкімнің ұсынуы бойынша ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі басшысының лауазымына кандидатураны келісу;

    8) атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және тиісті органдарға мәслихат шешімдерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу;

    9) ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі басшыларының есептерін қарау және олардың қызметін бағалау;
    10) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заң актiсiне сәйкес аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының мүшелерiн жасырын немесе ашық дауыс берудi өткiзу жолымен сайлау;
    11) жергілікті бюджеттің, аумақты дамыту бағдарламаларының атқарылуына бақылау жасау;

    12) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерін тексеру комиссиялары жұмыстарының жоспарына енгізу үшін облыстық тексеру комиссиясына ұсыныстар енгізу;

    13) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құру, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, мәслихаттың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;
    14) әкімнің ұсынуы бойынша ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша әкімдік жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың дербес құрамын бекіту;

    15) әкімнің ұсынысы бойынша "Түлкібас ауданның құрметті азаматы" атағын беру;

    16) ауданның Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені әзірлеу және бекіту;

    17) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;

    18) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу;
    19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру;

    20) Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту;

    21) Ауданның аумағында орналасқан кенттер мен ауылдар салудың бас жоспарларын бекіту, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл әкімінің атқарылған жұмысы туралы есебін қарау және аудан әкіміне тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс әкімін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізу;

    22). Облыстың тексеру комиссиясынан аудан бюджетінің атқарылуы мәселелері бойынша жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы ақпарат сұрату жатады.

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.