Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты ақпараттық қауіпсіздік және құпия режимді қамтамасыз ету бөлімшесі

    Общая информация

    Аудандағы ауылдық округ әкімі аппараттарымен және дербес бөлімдермен мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша есептерді мерзімінде өткізілуіне бақылау жасайды. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге талдау жасауын қамтамасыз етеді. Ведомстволық телекоммуникациялық желілер пайдалану жөніндегі талаптарын сақтау мониторингін қамтамасыз етуін бақылайды;

    Аудан әкімі аппаратында және оның құрылымдық бөлімшелерінде «Электрондық құжат айналымының біртұтас жүйесі» жүйесін пайдалану мониторингі бойынша және аудан әкімі аппаратында және оның құрылымдық бөлімшелерінде «Мемлекеттік органдардың Интернет порталы» жүйесін пайдалану мониторингі бойынша бақылау жасайды. Инфо-коммуникациялық инфрақұрылымдағы активтерді және компьютерлік техниканы тоқсан сайын түгендеуден өткізуін бақылау жасайды.

    Аудан әкімі өткізетін іс-шараларды дайындауды қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, техникалық құжаттамалардың талаптарын орындау.

    Ведомстволық телекоммуникациялық желілер пайдалану жөніндегі талаптарын сақтау мониторингін қамтамасыз етеді;

    Аудан әкімі аппаратында және оның құрылымдық бөлімшелерінде «Электрондық құжат айналымының біртұтас жүйесі» жүйесін пайдалану мониторингі бойынша жұмыс атқарады; аудан әкімі аппаратында және оның құрылымдық бөлімшелерінде «Мемлекеттік органдардың Интернет порталы» жүйесін пайдалану мониторингін жасайды; МОИП ақпараттық жүйесінде «МО анықтамалығын» өзектілігі модуль мониторингін жасайды; инфо-коммуникациялық инфрақұрылымдағы активтерді және компьютерлік техниканы тоқсан сайын түгендеуден өткізеді.

    Дербес бөлімдермен және ауылдық округ әкімі аппараттарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге талдау жасайды.

    Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша тоқсандық, айлық есептерді дайындап, тапсырады

    Бекітілген кестеге сәйкес ішкі талдау жүргізеді, сапалы және мерзімінде көрсетілуін қадағалайды. Электронды түрде қызмет көрсету үлесін арттыруға жұмыс жасайды.

    Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына метариалдар жариялайды және семинарлар ұйымдастырады.

    Аудан әкімдігі жанында құрылған терроризмге қарсы комиссиясы мен жұмысшы тобының жұмыстарын ұйымдастырады.

    Ауданда терроризмге қарсы комиссияның және жұмысшы топтың жұмыс жоспарының орындалуын қадағалайды, қажетті материалдар әзірлейді.

    Комиссия мен жұмысшы топтың атқарған жұмыстары бойынша тоқсандық, жылдық есептерін дайындайды.

    Өңірлік жедел штабтың материалдық техникалық қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады.

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.