Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімшесі
Мемлекеттік органның және ауданда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың тәртіптік, конкурстық және кадр мәселелері жөніндегі, еңбек стажын белгілеу жөнінде және өзге де комиссиялардың қызметіне байланысты құжаттарды ресімдеу, сақтау және есепке алу бойынша жұмыстар жүргізеді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің ант қабылдауларын ұйымдастырады, құжаттарын рәсімдейді.;
Кадрлар резервiн жасақтау, бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға конкурстар жариялау мен өткiзудi ұйымдастырады;
Персоналды басқарудың «Е-қызмет» ақпараттық жүйесін жүргізеді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің (Мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидаларының) талаптарын бұзу деректері туралы сенім телефонына және аудан әкімі аппаратындағы «Мемлекеттік қызметшілердің этикасын бақылау» кітабына жауаптылықта болады;
Мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді есепке алды
Азамат мемлекеттік қызметке кіру кезінде және қызметкерлердің жыл сайынғы салық салу объектілері болып табылатын мүлкі туралы декларация тапсыруларын қадағалайды және арнайы тексерудің құжаттарын рәсімдейді.;
Мемлекеттiк қызметшілерді арнайы тексеруге жіберуді және әскери міндетті мемлекеттік қызметкерлер жөніндегі материалдарды есепке алуды жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамасын, тәлімгерлігін, қайта даярлығын (қайта мамандануын) және біліктілігін арттыру оқуларына жіберу жөніндегі қажетті материалдарды дайындайды.
Мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулердің сақталуын жүзеге асырады.
Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын міндетіне алады.