Бәйдібек ауданы әкімі аппараты әкімшілік-жалпы бөлімшесі
Жұмыстарды жоспарлауды және орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады, бөлімшенің құзіретіне қатысты мәселелер бойынша ұсыныстарды басшылықтың қарауына енгізеді.
Аудан әкімі аппаратының, аудан әкімшілігінің бөлімдерімен бөлімнің өзара жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, басшылар алдында өтетін мәжілістерге қатысады, ұсыныстар енгізеді, бөлім құзырының шегіндегі қызмет бабындағы құжаттарға қол қояды. Номенклатура бойынша іс-қағаздардың жүргізілуін қадағалайды.
Аудан әкімі аппаратының қызметкерлеріне іс қағаздарының жүргізілуі жөнінде оқу өткізеді, дербес бөлімдер мен ауылдық округ әкімі аппараттарына құжат жүргізу бойынша әдістемелік көмектер көрсетуді ұйымдастырады.
Аудан әкімдігінің қаулысын, әкімнің шешімдерін, өкімдерін тіркеуге және орындаушыға таратылуына міндетті.
Белгіленген мерзім ішінде аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімнің шешімдері мен өкімдері және басқа да құжаттардың рәсімделуін, есепке алуын және қолданыстағы тәртіпке сәйкес олардың мемлекеттік мұрағатқа сақтауға тапсырылуын қамтамасыз етеді. Әкім аппаратының ведомствалық мұрағат құжаттарының уақытша сақталуын ұйымдастырады және мемлекеттік мұрағатқа тапсырылуын жүзеге асырады.
Аппараттың және аудан әкімінің елтаңбалы және басқа да мөрлерін сақтайды. Азаматтардың ұсыныстары мен арыз-шағымдарын қарау және шешу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Хаттар мен арыз-өтініштердің және электронды түрде келген хаттармен арыз шағымдардың есепке алуын және қаралуын қамтамасыз етеді.
Материалдық техникалық және шаруашылық қызметтерді атқаруға жауапты, қаржы шаруашылық жұмыстарды заң шеңберінде жүргізуді ұйымдастырады.
Лотос-нотус бағдарламасы бойынша дербес бөлімдердің іс құжаттарын қадағалайды, қабылдайды және оны қорытындылап жоғары тұрған органға күнделікті жіберіп отырылуын ұйымдастырады және қадағалап ұсыныс енгізеді.
ОЛ-1 бағдарламасы бойынша ауылдық округ әкімі аппараттары мен дербес бөлімдердің есебін қадағалайды, қабылдайды және оны қорытындылап жоғары тұрған органға ай сайын және тоқсандық, жылдық есебін тапсыруды қадағалайды және ұсыныстар енгізеді. Е-лицензиялау бағдарламасы бойынша округ әкімі аппараттары мен дербес бөлімдердің мерзімінде орындалуын бақылайды.
Ай сайын бекітілген жұмыс жоспарының, тапсырмалардың және Ережеге сәйкес негізгі міндеттері бойынша атқарылған жұмыстар туралы аппарат басшысына есебін ұсынады.
Атқарған жұмыстары туралы аудан әкімі аппаратының басшысына тоқсандық және жылдық қорытынды есебін ұсынады.
Республикалық референдумдар мен Қазақстан Республикасы Парламентіне, облыстық және аудандық мәслихаттарға депутаттарды сайлау науқаны қарсаңында қажетті құжаттарды дайындау, өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және сайлаушылардың тізімін заң талаптарына сәйкес енгізуін қамтамасыз ету, оның қортындысы бойынша мәлімет береді. .Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын міндетіне алады.