Бәйдібек ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесі
Аудан әкімінің қызметін ұйымдастыруды, аудан әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің ережесін орындалуын қамтамасыз етеді.
Аудан әкімінің қатысуымен өтетін жиналыстардың, мәжілістердің, кездесулердің, мерекелік іс-шаралардың жоспар-жобаларын дайындауды және олардың тиісті деңгейде өтуін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс және аудан әкімдері актілерінің, тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді.
Облыс әкімінің аппаратына жолданатын ақпараттарды сапалы дайындайды.
Облыстық және аудандық мәслихаттың қарауына берілген материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді, онымен тығыз байланыс орнатады.
Белгілі кезеңге бөлімнің, аппараттың жұмыс жоспарларының жобасын дайындайды, оның орындалуын қамтамасыз етеді.
Аудан әкімнің және аппарат басшысының тапсырмаларын орындайды.
Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасының орындалуын бақылайды, қажетті ұйымдастыру шараларын қабылдайды.
Бақылауды жүзеге асырады, тексеру жүргізуге байланысты мәселелерді өз құзыры шегінде шешеді.
Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтары мен өкімдерінің, Үкімет қаулыларының, облыс және аудан әкімдігі қаулылары мен облыс және аудан әкімінің шешім, өкімдерінің жүзеге асырылуын бақылаудағы құжаттардың орындалуын қадағалауды және әкімдік жұмыстарының жүргізілуін бақылайды. Аудан әкімдігінің жұмыстарын ұйымдастыру және орындалуын бақылау. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын міндетіне алады.
Қазақстан Республикасы Президентінің наградтау мәселелері бойынша қызметін ұйымдастыру. Наградтау заң актілерін орындау бойынша жергілікті жерлерде жұмыс жүргізеді және наградтау құжаттарын сапалы дайындайды, ұсыныс енгізеді. . «Бәйдібек ауданының «Құрметті азаматы атағы» жөніндегі аудандық комиссия жұмысын ұйымдастырады.
Облыс және аудан әкімдігі қаулыларының уақтылы және толық жүзеге асыруды қамтамасыз етпеген және орындаудағы анықталған тәртіп бұзушылықтар мен кемшіліктерді қалпына келтіру бойынша бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен жауапты мамандарын жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар дайындайды.