Узынбулакский сельский округ
Ұзынбұлақ ауылдық округінің жалпы аумағы 20223 шаршы шақырымды құрайды.Ауылдық округ құрамына екі елді мекен қарайды: Ұзынбұлақ ауылы және Ақши ауылдары. Жалпы округ бойынша халық саны 965 адам. 195 аула бар, оның ішінде: Ұзынбұлақ ауылында 134 аула (622 адам), Ақши ауылында 61 (343 адам).
Экономикалық белсенді тұрғындар саны - 529 адам, 104 зейнеткер, 20 адам 1, 2, 3 топтағы мүгедектер. Жастар саны - 215. Арнайы оқу орынында - 24, жоғары оқу орынында -35, жұмыс істейтіндер сан -125.
Округ бойынша жалпы орта білім беру мектебі-1, негізгі орталау білім беру мектебі-1, шағын орталық-1, Мәдениет үйі-1, 1 ауылдық клуб, дәрігерлік пункт-2, кітапхана-2, Қазпошта бөлімшесі-1, дүкен саны-5, футбол алаңы -1.
Округтің негізгі мал шаруашылығымен айналысады. Округте жалпы ірі қараның саны – 9902 бас; қой, ешкі – 9730 бас; жылқы – 3268 бас; құстар – 1345 бас құрайды. Округ бойынша 48-шаруа қожалықтары мал өсірумен айналысады. Асыл тұқымды мал өсіру ісі де жақсы дамып келеді.
Округ бойынша 1 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Бұл-елді мекен аумағында объектілер салу үшін жер учаскесін беру.
Ұзынбұлақ ауылына демеушілік қаражат есебінен 2019-шы жылы мешіт құрылысы басталды. 2020 жылы Ұзынбұлақ ауылдық Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді, Е.Бекмаханов атындағы жалпы орта білім беру мектебіне жылы дәретхана жасалды. Биылғы жазда Ақши негізгі орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Ауыл әкімдігінде «Мемлекеттік қызметкерлердің «Әдеп Кодексі» орналастырылған, сенім телефоны бар, мемлекеттік қызметкерлердің әдебін бақылау кітабын қарауға қамтамасыз етілді. Ауы тұрғындарынан ескертулер мен ұсыныстарға арналған жәшік орналастырылған. Ауыл тұрғындарына арналған «Электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді өздігінен алу бұрышы» ашылған.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілері тұрғындарға электрондық қызмет ( еgov. порталы арқылы) анықтамаларды қалай дұрыс алуға болатындығы жөнінде кеңес беріліп отырады.
Ауылдық аумақтарды дамыту жоспары бойынша жоспарланған 2020-2022 жылдарға арналған іс-шаралар:
- Ақши ауылына орталықтандырылған су жүйесі құрылысын жүргізуге ықпал жасау.
- Тазалық және аббандыру жұмыстарын ұйымдастыру;
- Жаз айларында жекеменшік ірі қарамалдарының бағылуын ұйымдастыру;
- Ауыл шаруашылығын дамыту, мал түрлерін тұқымдық түрлендіру жұмыстарын ары қарай жалғастыру.
- Ұзынбұлақ және Ақши ауылдарының ішкі жолдарын жөндеу;
- Ұзынбұлақ және Ақши ауылдарының көшелерін жарықтандыру нүктелерін көбейту;
- Ұзынбұлақ ауылының саябақ аумағы жерін рәсімдеу;
- Ақши ауылындағы негізгі орта мектеп жанына шағын футбол алаңын орналастыру жұмыстарын жүргізу;
- Ақши ауылдық клубына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- Теңдік-Ұзынбұлақ автожолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- Ауылдық елді мекендеріне кең жолақты, талшықты-оптикалық интернет желісін жеткізу.