Жанажольский сельский округ

    Общая информация

    Жаңажол ауылдық округінің жалпы аумағы 219,76 шаршы шақырымды құрайды. Құрамына үш елді мекен кіреді: Мәшһүр Жүсіп ауылы, Қарашоқы ауылы және Бүркітті ауылы. Жалпы округ бойынша халық саны 588 адам. 128 аула бар, оның ішінде: Мәшһүр Жүсіп ауылында 78 аула (413 адам), Қарашоқы ауылында 40 (125 адам), Бүркітті ауылында 10 аула (50 адам).

    Экономикалық белсенді тұрғындар саны - 260 адам, 65 зейнеткер, 4 адам 1,2,3 топтағы мүгедектер. Жастар саны - 112. Арнайы оқу орынында - 7, жоғары оқу орынында -6, жұмыс істейтіндер саны -26.

    Округ бойынша жалпы орта білім беру мектебі-1, шағын орталық-1, Мәдениет үйі-1, 1 мешіт, медициналық пункт – 1, кітапхана-1, Қазпошта бөлімшесі-1, дүкен саны-3, музей -2, қонақ үй -1.

    Округтің негізгі мал шаруашылығымен айналысады. Округте жалпы ірі қараның саны – 2877 бас; қой, ешкі – 4121 бас; жылқы – 2943 бас; құстар – 817 бас құрайды. Округ бойынша 30-шаруа қожалықтары мен 1 ЖШС мал өсірумен айналысады. Асыл тұқымды мал өсіру ісі де жақсы дамып келеді.

    Округ бойынша 1 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Бұл-шалғайдағы елд3 мекендерден балаларды тегін мектепке және кері үйге тасымалдау.

    2018-ші жылы Жаңажол ауылдық округінің Жаңажол ауылының атауы Мәшһүр Жүсіп ауылы болып өзгертілді. Мәшһүр Жүсіп ауылында 2020 жылы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің жылыту жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2020 жылы Мәшһүр Жүсіп және Қарашоқы ауылдарында орталықтандырылған су құбырының құрылысы жүргізіліп жатыр. Биыл «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебі ғимаратының қасбетіне, төбесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәшһүр Жүсіп ауылының ішкі жолдарына орташа жөндеу жұмыстары басталды және көшелерді жарықтандыру жоспарлануда.

    Ауыл әкімдігінде «Мемлекетік қызметкерлердің «Әдеп Кодексі» орналастырылған, сенім телефоны бар, мемлекеттік қызметкерлердің әдебін бақылау кітабын қарауға қамтамасыз етілді. Ауыл тұрғындарынан ескертулер мен ұсыныстарға арналған жәшік орналастырылған. Ауыл тұрғындарына арналған «Электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді өздігінен алу бұрышы» ашылған.

    Әкімшілік мемлекеттік қызметшілері тұрғындарға электрондық қызмет( еgov. порталы арқылы) анықтамаларды қалай дұрыс алуға болатындығы жөнінде кеңес беріліп отырады.

    ( Стандарт, Регламент )

    Ауылдық аумақтарды дамыту жоспары бойынша сәйкес жоспарланған. 2020-2022 жылдарға арналған іс-шаралар:

    1. Мәшһүр Жүсіп және Қарашоқы ауылдарындағы орталықтандырылған су жүйесінің құрылысын аяқтау.

    2.Жұмыссыздық деңгейін азайту;

    3.Ауылдық округкке инвестиция тарту, оның ішінде ауылшаруашылық саласына;

    4. Мәшһүр Жүсіп ауылында ішкі жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу;

    5. Мәшһүр Жүсіп ауылдағы көшелерді жарықтандыру;

    6. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы ЖОББМ-нің мәжіліс және спортзалдардың едендерін ауыстыру, шатырды жөндеу, ғимарат қасбетін жөндеу;

    7. Елді мекендерге кең жолақты Интернет желісін тарту;

    8. Медициналық пункттің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;

    9. Ұялы байланысты жақсарту.

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.