Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне 2025 жылдың II тоқсанында заңды және жеке тұлғалардан 2309 өтініш келіп түсті. Өтініштердің басым бөлігі салықтық және кедендік әкімшілендіру, оңалту және банкроттық, сондай-ақ жеке тұлғалардың банкроттығы мәселелеріне қатысты болды.
Түскен 2309 өтініштің 1992-сі қаралды, оның ішінде 1265-і әкімшілік рәсім тәртібімен, 727-сі жеңілдетілген тәртіппен қаралды.