Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-1 тармағына сәйкес Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2026 жылы өткізілетін Қызылорда облысының аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтері әкімдерін сайлауда сайлаушылардың санына сәйкес айқындалатын әкім болуға кандидаттардың жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтелетін шығыстарының мөлшерлері осы қаулының 1 – 3 - қосымшаларына сәйкес белгіленсін.