ХАБАРЛАНДЫРУ ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНЕ КІРУ БИЛЕТТЕРІНІҢ ЖАҢА БАҒАЛАРЫ БЕКІТІЛДІ
Аппарат акима города Туркестан
Похожие материалы
Хабарландыру
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! Түркістан АЭЖ КС 35/10 кВ «Шой» қосалқы станциясынан шығатын әуе желісінде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты ертең, 21 қараша күні сағат 10:00–18:00 аралығында бірқатар шағынаудандарда электр энергиясы уақытша ажыратылады. Электр жарығы төмендегі көшелерде өшіріледі: Мұсаев, Рахимов, Оразбаев, Тұтқабаев, Рысқұлбеков, М.Әбенов, Төлегенов, Баялиев және басқа да осы аумақтағы көшелер. Аталған аумақта орналасқан тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар, білім беру мекемелері мен кәсіпкерлік объектілер де уақытша жарық өшіріледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Хабарландыру
Құрметті Түркістан қаласы мен Түркістан облысының тұрғындары және қонақтары! Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне дайындық және оны өткізу аясында 15 мамыр күні Түркістан қаласында автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіліп, кейбір бағыттар бойынша қозғалыс сызбасы өзгереді. Атап айтқанда, қала аумағындағы бірқатар көшелерде қауіпсіздік шараларына байланысты қозғалыс уақытша шектеледі. Сонымен қатар, Шымкент – Қызылорда бағыты бойынша өтетін транзиттік көліктер үшін уақытша жаңа қозғалыс бағыты белгіленді. Жаңа қозғалыс сызбасына сәйкес көлік құралдары Ш.Қалдаяқов көшесі, 40-көше, 9-көше, 36-көше, Әуежай тас жолы, С.Қожанов көшесі және Б.Шыныбеков көшесі арқылы бағытталады. Осыған байланысты жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, жол бойында орнатылған уақытша жол белгілеріне, бағыттаушы көрсеткіштерге және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талаптарына бағынуды сұраймыз.
Хабарландыру
16 мамыр күні Түркістандағы Қолөнершілер орталығы ұлттық рух пен шеберліктің ерекше мекеніне айналады Мұнда әр туынды - тарих, әр өрнек - мәдениет, әр бұйым - шебердің жүрек жылуы. Ұлттық өнердің әсемдігін сезініп, ерекше атмосфераның куәсі болыңыз. Қолөнершілер орталығы 16 мамыр
ХАБАРЛАНДЫРУ
Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына! Түркістан қаласы Н.Оңдасынов көшесінде қазба жұмыстары жүргізілуіне байланысты, сызбада көрсетілген аумағында толығымен жол жабылады. Осыған байланысты бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Жөндеу мерзімі 29.05.2026 жылғы 08:00-ден бастап 29.05.2026 жылғы 20:00 ге дейін
Құрметті қала тұрғындары!
Сіздерді 20 маусым күні сағат 09:00-де Түркістан қаласында өтетін жәрмеңкеге шақырамыз! Өтетін орны: Түркістан қаласы, Шауғар секторы, Б. Момышұлы атындағы №22 мектебінің автотұрағы. Жәрмеңкеде «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ тұрақтандыру қорының тауарлары нарықтағы бағадан 20-30 пайыз қолжетімді арзандатылған бағада ұсынылады. Баршаңызды жәрмеңкеге келіп, сапалы тауарларды тиімді бағамен сатып алуға шақырамыз!
Хабарландыру Құрметті музейге келушілер!
«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты барлық музейлерге төменде көрсетілген санаттағы азаматтар тиісті растайтын құжаттарын ұсынған жағдайда тегін кіре алады: I–II топтағы мүгедектігі бар азаматтар – 1 қараушысымен; Бала кезінен мүгедектігі бар азаматтар – 1 қараушысымен; Ұлы Отан соғысықұның ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар (Ауған соғысы ардагерлері); «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегері көпбалалы аналар; Мектеп оқушылары тобын алып келген 1 мұғалім; Туристер тобын бастап келген 1 гид; Мектеп жасына дейінгі балалар; Оқушылар – каникул күндері. Өзіңізбен бірге жеңілдікке құқығыңызды растайтын құжаттарды алып жүруді сұраймыз.