
Бүгін, ұлы ғұлама ақын - Абай Құнанбайұлының туғанына 177 жыл толды. Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, данышпан - ойшыл. Ол ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау ете білген ұлы тұлға. Үкімет қаулысымен 10 тамыз - Абай күні болып бекітілді және мерекелер күнтізбесіне енгізілді.
Абай мұрасы – рухани біртұтастығымыздың бастауы. Осынау қастерлі құндылығымызды көздің қарашығындай қорғау – ертеңгі ұрпақтың ең үлкен парызы.