Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы
№ 55 бұйрығына сәйкес, күзгі-қысқы маусымға әзірлік паспортын алу үшін тиісті құжаттарды "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы ұсыну қажеттігін хабарлаймыз.
Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардан (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) Әзірлік паспортын алуға құжаттарды қабылдау www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – Портал) жыл сайын 15 тамыздан бастап 30 қыркүйекті қоса алғанда жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа Әзірлік паспортын алуға өтініші;
2) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі (бұдан әрі – Әзірлік актісі);
3) осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа Әзірлік паспортын алу үшін шарттардың орындалуын растайтын құжаттар тізімі;
4) станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының техникалық жай-күйі, сондай-ақ тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың алдағы күзгі-қысқы кезеңге әзірлігі туралы энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшы ұйымның қорытындысы.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.
Өз мекемеңізден шықпай-ақ, интернет көмегімен құжаттарды Портал арқылы жолдауларыңызды сұраймыз. Ұсыну әдісі төменде келтірілген.
Бір айта кететіні, құжаттарды мекеміңіздің Электрондық цифрлық қолтаңбасының көмегімен жолдайсыздар.






