
2022 жылдың 4 қарашасында Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің жанындағы Нұрлан Балғымбаев атындағы Даму және коммуникациялар орталығында, ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Ашық есік күні» шарасы өткізілді. Аталған шараға осы оқу орнының Бизнес мектебінің профессорлары мен оқытушылар құрамы, сондай-ақ студенттері қатынасты.
Қатысушылардың назарына Департаменттің қызметі туралы, сонымен қатар статистика органдарымен қалыптастырылатын статистикалық жарияланымдар туралы ақпарат жеткізілді. Статистика органдарының ресми Интернет-ресурсына шолу жасалып, статистика салалары бойынша буклеттер түріндегі үлестірмелі материалдар ақысыз негізде таратылды.
Департамент өкілдерімен қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.




