Жалпы ережелер
«Оқыту орталықтарының жұмыстарын жүйелендіру» атты тіл оқыту орталықтары арасындағы облыстық байқау 19 аудандық, қалалық тіл оқыту филиалдары қызметкерлерін ынталандыруға бағытталған.
Байқаудың мақсаты:
- тіл оқыту орталықтарының жұмыстарын жүйелендіру;
- құжат айналымдарын бірізділікке салу;
- меңгерушілер мен оқытушылардың жұмысқа деген қызығушылығын арттыру.
Өткізілу тәртібі
Алматы облысы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы байқауды ұйымдастырушы болып табылады.
Байқау 19 аудандық, қалалық орталықтары қызметкерлерінің қатысуымен өтеді.
Байқауды өткізу туралы хабарландыру 2020 жылдың қаңтарында Басқарманың сайтында Тіл оқу-әдістемелік орталығының блогында орналастырылады.
Конкурс мынадай тапсырмалардан тұрады:
- «Үздік меңгеруші» номинациясы
Мекеменің құжаттары толықтыру, қызметкерлерін тиімді басқару, жұмысын сапалы жүргізуіне, жеткен жетістіктеріне қарай бағаланады:
І. Номенклатура бойынша құжат айналымы:
- Нормативтік құжаттар
- Жұмыс жоспарлар
- Жұмыс есептері
- Қазтест нәтижелері
- Қазтест құжаттары
- Қызметкерлердің міндеттері туралы нұсқаулықтар
- Мемлекеттік тілді оқытудың бағдарламасы
- Курс жұмысына байланысты құжаттар
- Әдістемелік бірлестіктің құжаттары
- Қызметкерлердің жұмыс уақытын есепке алу табелі
- Хаттар
- Тыңдаушылардың сапалық құрамы
- Тіркеу журналы
- Латын графикасына негізделген қазақ тілі курсына қамтылған тыңдаушылардың саны
- Онлайн сабақтардың құжаттары
ІІ. Тиімді басқару:
- Жылдық жоспардың орындалуы
- Жұмысына енгізген инновация
- Филиалдың жарнамасы
- Жарияланған мақалалар
- Стратегиялық жоспары
- Әлеуметтік желілердің жұмыс істеуі
ІІІ. Меңгерушінің жеке жетістіктері:
- Сертификаттар
- Алғыс хаттар
- Дипломдар
- Құрмет грамоталары
- Медаль, ордендер
- «Үздік филиал» номинациясы
Мекеменің әр қызметкерінің жұмысына, жеткен жетістіктеріне, меңгерушінің басқаруына және оқытушының тыңдаушыларды қызықтыра алуына қарай бағалайды:
- Штаттың толық жұмыс істеуі
- Қызметкерлердің жетістіктері
- Тыңдаушылардың жалпы саны
- Өткізген іс- шаралардың саны және сапасы
- Филиалдың ауданда (қалада) танымал болуы
- «Үздік оқытушы» номинациясы
Оқытушының сабақ беруіне, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануына, қолданған көрнекі құралдарына сонымен қатар, тыңдаушыларды үйіріп әкетуіне қарай бағаланады (3 марапат: «Үздік мемлекеттік тіл курсының оқытушысы», «Үздік латыннегізді жаңа әліпби курсының оқытушысы» және «Үздік ағылшын тілі курсының оқытушысы»).
«Үздік мемлекеттік тіл курсының оқытушысы» және «Үздік ағылшын тілі курсының оқытушысы»
І. Байқаудың талаптары
1.1 Оқытушының портфолиосы
1.2 Шеберлік сабақ (25 минут)
1.3 Цифрлық оқыту мүмкіндіктерін пайдалану (10 минут)
«Үздік латыннегізді жаңа әліпби курсының оқытушысы»
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
І. Жалпы ережелер
1.1 Байқау ересектерге мемлекеттік тілді оқытатын оқытушылар арасында өткізіледі.
1.2 Байқау мемлекеттік тілде өтеді.
1.3 Байқауға қатысушылардың жас ерекшелігі 23-45 жас аралығын қамтуы тиіс.
1.4 Алдыңғы Байқаулардың бас жүлде және І орын иегерлері байқауға қатыстырылмайды.
Байқаудың мақсаты:
- қазақ тілі саласы ғалымдарының әдістемелік еңбектерін зерделеу арқылы олардың әдіс-тәсілдерін жаңғырту;
- ересектерге мемлекеттік тілді оқытатын шығармашыл оқытушыларды анықтау, қолдау, марапаттау;
- оқытушылардың кәсіби-педагогикалық шығармашылығын шыңдау және мемлекеттік тілді оқыту үдерісін ілгерілету;
- қазақ тілін оқытудың жаңашыл әдіс-тәсілдерімен оқытушылардың тәжірибе алмасуы;
- қазақ тілін меңгертудің озық үлгісіндегі педагогикалық тәжірибелерді тарату.
ІІ. Байқауды өткізу тәртібі және байқауға қатысушылар
2.1 Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады.
2.2 Байқауды өткізу туралы хабарландыру 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының сайтында орналастырылады.
ІІІ. Байқаудың талаптары
3.1 Байқау 4 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең –Жарнама (PR) және бедел кезеңі. Бұл кезеңнің артықшылығы «Тіл» оқыту орталығын әлеуметтік желілерде жарнамалау болып табылады. Қатысушылар қазақ тілінің А1 деңгейіне арналған 15 минуттан аспайтын демосабақ (ашық сабақ көрсетілімі) үлгісі сәуірдің 8-інен 30-ы аралығында дайындап, aomtoo@ mail.ru поштасына облыстық орталығының instagram желісіндегі парақшасына орналастыру үшін жіберіледі.
3.2 Демосабақтың талабы:
- А.Байтұрсынұлының әдістемелік идеяларын қолдану шеберлігі;
- сабақтың көлемі 15 минуттан аспауы керек;
- ақпараттық технологияға негізделуі;
- тіл үйренушілердің сабаққа белсенді қатысуы;
- инновациялық әдіс-тәсілдердің қолданылуы.
Нәтижесі Алматы облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының сайтында және облыстық орталығының instagram желісіндегі парақшасына мамырдың 20-сы күні жарияланады.
Бірінші кезеңнің пайыздық көрсеткіші 30 ұпай.
3.3 Екінші кезең – Тестілеу кезеңі. Олар Ахмет Байтұрсынұлының өмірі, қызметі мен шығармашылығы, әдістеме мәселелері қамтылғантест тапсырмаларын орындайды. Тестілеуден өту үшін алдын ала оқу талаптары қойылады. Тестілеу kahoot әдісі арқылы жүзеге асырылады. Бұл кезеңде тест сұрақтарына жылдам жауап берген қатысушылар көбірек ұпай жинайды. Екінші кезеңнің пайыздық көрсеткіші 30 ұпай.
3.4 Үшінші кезең – Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы, әдістері мен әдістемелік мақалалары, сондай-ақ оқытудағы түрлі педагогикалық-психологиялық жағдаяттарға байланысты
Үшінші кезеңнің пайыздық көрсеткіші 30 ұпай.
3.5 Төртінші кезең – қатысушылар соңғы жылы шыққан оқулық, оқу-әдістемелік құралдарын көрсетіп, оларды 3 минут көлемінде сипаттап шығады. Төртінші кезеңнің пайыздық көрсеткіші 10 ұпай.
Соңында төрт кезеңнің ұпайлары қосылады, әрбір қатысушы жалпы 100 ұпай жинауы қажет.
Қорытынды ережелер
1. Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын облыстық орталық анықтайды. Қазылар алқасының құрамы педагог-әдіскерлерден тұрады. Сандық құрамы бес адамнан аспауы тиіс.
2. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің барлық кезеңінің қорытындысы қазылар алқасының дауыс беруі арқылы анықталады.
3. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдар, алғысхаттар және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
4. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы ақпарат Байқау өткеннен кейін Алматы облысы тілдерді дамыту басқармасының сайтында, облыстық орталықтың instagram желісінде жарияланады.
Байланыс телефондары: 8 (7282) 40-00-42, 30-50-93
IV. Байқаудың өзектілігі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін іске асыру аясында ұйымдастырылып жатқан «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы оқытушылардың республикалық байқауы» іс-шарасы қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми-педагогикалық мұраларын зерттеп-зерделеу арқылы әдістемелік идеяларын жаңғырту, тиімді әдістері мен тәсілдерін мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасында қолдану, шара аясында өзара тәжірибе алмаса отыра, оқытушылардың әдістемелік біліктерін шыңдау маңызды. Сонымен қатар, қазақ тілі оқытушыларының кәсіби беделі мен қоғамдағы мәртебесін арттыру, тәжірибесін сараптау, оларды қолдау және марапаттау мақсаттарын жүзеге асыруда да орынды.
Шара байқауға қатысушыларды А.Байтұрсынұлының әдістемелік ілімдерін зерделеп, оны насихаттауға бағыттайды. Оның ұтымды әдістерінің қазіргі жаңашыл әдістермен сабақтастығын, ұқсастығын анықтау арқылы сабақта қолдану шеберлігіне ерекше мән беріледі.
V. Күтілетін нәтиже
Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік еңбектерін зерделеу арқылы оның ұтымды әдіс-тәсілдерін анықтау және насихаттау, өзара тәжірибе алмасу, оқытушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіре отыра, ересектерге қазақ тілінен сабақ берудің сапасын арттыру. Облыстық деңгейдегі байқауда жеңімпаз атанып, республикалық байқауға қатысатын қазақ тілі оқытушыларының инновацияға құрылған видеосабақтарын әлеуметтік желілерде көрсету нәтижесінде тіл үйренушілердің мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, қазақ тілі әдістемесін жарнамалау. Республикалық байқаудың жеңімпазын анықтап, жолдама беру.