
ҚұрметтіШу ауданының тұрғындары!
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың тапсырмасымен 2020 жылы бастау алған «Бейбітшілік пен келісім» жобасы биылғы жылы да өңірімізде қайта өткізілетін болады. Жамбыл облысы әкімінің 2023 жылғы 4 сәуірдегі №35-Ө өкімімен 19-21 сәуір күндері Шу ауданынанбастау алады.
Жоба барысында – әр түрлі сала мамандары тұрғындармен кездесіп, кәсіби кеңестер береді, заң аясында қолдау көрсетеді.
Жұмыс топтарының құрамында облыс аумағындағы құқық қорғау органдарының, ішкі саясат, мәдениет, білім, спорт, дін, тілдерді дамыту, жастар, жұмыспен қамту, ветеринария, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, табиғи ресурстар басқармаларының өкілдері қабылдаулар жүргізетін болады.
Көптен бері шешілмеген мәселелеріңіз бен көкейде жүрген сұрақтарыңыз болса, аудандарыңызда ұйымдастырылатын жобаның жұмысшы тобымен кездесуге мүмкіндіктеріңіз бар.
Бейбітшілік пен келісімдегі мемлекеттің мерейі әрқашан үстем болады!
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы