
ҚО ББ «Шахтинск қаласының
білім бөлімі» ММ басшысы
_________Н.Онсович
«___»_________2023ж.
10- сынып оқушылары арасында "Daraboz"
зияткерлік сайысын өткізу
ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ереже
- Берілген ереже 10 -сынып оқушылары арасында "Daraboz" зияткерлік интеллектуалдық сайысының (бұдан әрі - Сайыс) мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру және өткізу тәртібін, қаржыландыру, қатысу және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.
- Сайыстың мақсаты: оқушылардың оқу-білімге қызығушылығын арттыру, әділ әрі ашық бәсекелестік негізінде білімді жас дарындарды қолдау, ұстаздар мәртебесін арттыру және таныту, отандық ғылым-білімнің жетістіктерін насихаттау. Сондай-ақ, сайыс әр қатысушының көшбасшылық қасиетін дамытуға ықпал етеді.
1.3. Сайыстың міндеттері:
-түрлі салаларға қызығушылықты дамыту және оқушылардың ой-өрісін
кеңейту ;
-жас ұрпақтың бойындағы бәсекелестік рухты дамыту;
-төзімділік пен азаматтық сана-сезімге тәрбиелеу;
-оқушылардың сыни ойлауын дамыту;
-болашақ мамандықты таңдау түсінігін дамыту;
-зияткерлер элитасын қалыптастыру;
-мұғалімдердің мәртебесін көтеру.
Сайысқа 10 сынып оқушылары қатыса алады.
ІІ. Сайысты ұйымдастыру және өткізу тәртібі
2.1. Сайыстың ұйымдастырушысы ҚО ББ «Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ болып табылады.
2.2. Сайыс 2 кезеңде өткізіледі.
І кезен - аймақтық - іріктеу кезеңі қалалық.
Өткізу мерзімі 2023 жылғы 28 сәуір күні.
ІІ кезең - облыстық-қорытынды кезен. 2023 жылғы мамыр айында Қарағанды қаласында өтеді. Өтетін орнын ұйымдастыру комитеті анықтап. қорытынды кезең қатысушыларына хабарлайды.
2.3. Қорытынды кезеңге аймақтық-іріктеу кезеңнен бас жүлде алған бір оқушы катысады. Жалпы катысушылар саны - 24.
2.4. Сайыс қазақ тілінде жүргізіледі.
ІІІ. «Daraboz» зияткерлік интеллектуалдық сайысын жалпы басқару мен әдістемелік қамтамасыз ету
3.1. Жалпы басқаруды келесі жұмыстарды іске асыратын ұйымдастыру комитеті жасайды:
- сайыстың өткізу түрін, тәртібін, мерзімін анықтайды;
- сайысты өткізу және ұйымдастыруды қадағалайды;
- қазылар алқасын бекітеді;
- сайысты қаржылай және материалдық тұрғыда қамтиды.
3.2. Сайыстың облыстық-қорытынды кезеңіне сұранысты келесі [email protected] электронды почтасына жолдау сұралады. Сайысқа қатысушылардың сұранысын электронды нұсқада (мектеп директорының қолы мен мөрі қойылған) төмендегі үлгі бойынша 2023 жылғы 28 сәуіріне дейін жіберу керек:
10 - сынып оқушылары арасында облыстық
"Daraboz" зияткерлік сайысына сұраныс
№ |
Қатысушының аты-жөні |
Қала, |
Мектебі |
Жетекшісі |
Телефоны |
ІV. Қорытынды кезеңінің құрылымы
4.1. Сайыс үздік оқушыларды іріктеу шартына негізделген. Сайыс сұрақтары еліміздің әдебиет пен мәдениетінен бастап, ғылым, спорт және медицинаға дейін әртүрлі тақырыпты қамтиды. Тақырып аясы тек Қазақстанмен байланысты.
4.2. Қорытынды кезең 4 турдан тұрады. Сұрақтар деңгейі тур сайын күрделенеді. Бірінші турда 24 оқушы, екінші турда 12 қатысушы, үшінші турда 6 қатысушы, төртінші турда 3 қатысушы қатысады. Әр тур сайын оқушылар ұпай санының аз болуына байланысты ойыннан шығарылады. Үшінші турда супер-финалға қатысу мүмкіндігін алатын жеңімпаздар анықталады (қосымша 1).
4.3. Қазылар алқасының құрамына жоғары оқу орындары, білікті мұғалімдер кіреді.
- "Daraboz" зияткерлік интеллектуалдық сайысын қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау
5.1. Бірінші және екінші турда ұтылып қалған, сондай-ақ супер-финалға жетпеген оқушыларға қатысқаны үшін сертификатпен марапатталады.
5.2.Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота, дипломдармен марапатталады.
Әдістемелік кабинеттің
меңгерушісі
_________Д.Сатемирова
«___»__________2023ж.
Қосымша 1
10 - сынып оқушылары арасында "Daraboz" зияткерлік интеллектуалдық сайысын өткізу ережесіне қосымша
«Daraboz» зияткерлік интеллектуалдық сайысының қорытынды кезеңі 4 турдан тұрады:
- I тур. 3 жауаптан тұратын 10 сұрақ тест түрінде қойылады, әр сұрақтың бір ғана дұрыс жауабы бар. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Жауап беруге 7 секунд уақыт беріледі (уақыттан асып кетсе, жауап жоқ болса, бірнеше нұсқаны белгілесе ұпай есептелмейді). Осы кезеңде 12 сайыскер ойыннан шығады.
- ІІ тур. Қатысушылардың өткен кезеңдегі ұпай саны сақталады. Жалпы 12 ашық сұрақ қойылады. Жауап беруге 7 секунд уақыт беріледі. Компьютер түймесін бірінші басқан қатысушы жауап бере алады. Әр дұрыс жауапқа +10 ұпай, қате жауап берген жағдайда -10 ұпай алынады. Осы кезеңде 6 сайыскер ойыннан шығады.
- ІІІ тур. Үшінші кезеңде өткен турлардың ұпайы сақталады. Бұл айналымда ұпай саны төмен ойыншы бастайды. 20сұрақтан тұратын 6 ұяшық беріледі. Әр сайыскерге жауап беруге 40 секунд беріледі. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады. Бұл кезеңде 3 сайыскер ойыннан шығады.
- IV тур. Әр сайыскердің өткен кезеңдердегі ұпайлары сақталады. 12 ашық сұрақтан тұратын 12 ұяшық беріледі. Ойлануға 7 секунд беріледі. Әр дұрыс жауапқа 20 ұпай беріледі. Егер ойыншы өз сұралына жауап бере алмаған жаздайда, жүргізушінің «қарсыластар» деген сөзінен кейін басқа ойыншы жауап береді. Осы кезеңде барлық кезең ұпайлары қосылып, ең көп ұпай жинаған сайыскер жеңімпаз аталады.