
Маңғыстау - барым, байрағым!
Қаратау - шабыт қайнарым!
Әніме қостым елімнің,
Тау.
Дала.
Аудан.
Аймағын!
Ағартып жылдар шашымды,
Ұлғайтты жылдар жасымды.
Аманат - өнер, ән, жырым,
Шашу боп елге шашылды.
Кеудемде саздың самалы,
Жүректі жырым жанады.
Ақтарсам деп ем алғаусыз -
Аңсап жүр жаным даланы.
Қадірлі Маңғыстау!
Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді өлкемізге танымал сатирик, жазушы, ел ұнатқан көптеген әндердің авторы, сазгер Ерекен Қорабаевтың "Аңсап жүр жаным даланы" атты шығармашылық кешіне шақырамыз!
Маңғыстаудың ойы мен қырын тегіс әнге қосқан талантты жерлесіміздің бұл кешінде республикаға танымал Ғалымжан Жолдасбай, Бибігүл Сауытова, Нұргүл Жұмағалиева секілді әншілер және облыс өнерпаздары өнер көрсетеді.
Ендеше, 20 маусым, 19:00 де Абай атындағы мәдениет сарайында өтетін керемет кештен қапы қалмаңыздар, ағайын!
Шайырдан шыққан сазгердің әндерімен бірге сусындайық!