
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымды қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілермен профилактикалық жұмысты ұйымдастыру бағытында өткізілген мәжілістің
ХАТТАМАСЫ
Қармақшы ауданы 04.04.2023 ж.
Сағат: 17.00
І. «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымды қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілермен профилактикалық жұмысты ұйымдастыру туралы»
Аудандық қоғамдық даму бөлімінің, аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің және аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген ішкі талдау қорытындылары туралы баяндамалары қаперге алынсын.
- Аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Ғ.Нысанбаев, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Р. Ефенов, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Т. Сүлеев:
1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау нәтижелерімен анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бағытында пәрменді шаралар қабылдасын;
2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау нәтижелерімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымды қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілермен профилактикалық жұмыстар жандандырылсын;
3) Осы хаттаманың орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
«Қармақшы ауданы әкіміаппараты» коммуналдық
мемлекеттік мекемесініңӘдеп жөніндегі уәкілі С. Смағұлов