
Ақтау қаласында ЮНЕСКО және Жапонияның Траст қорының (Japan FiT) жобасы аясында «Жібек жолының Дүниежүзілік мұрасына номинация процесін қолдау» атты маңызды шара өткенін хабарлаймыз.
Қазақстан, Жапония, Ұлыбритания, Әзірбайжан, Иран, Түрікменстан және Ресейдің ғалымдары мен сарапшылары бас қосқан семинарда халықаралық ынтымақтастықтың пен «Жібек жолы: Еділ-Каспий дәлізі» сериялық трансұлттық номинациясын дайындау аясындағы күш-жігерді үйлестірудің өзекті мәселелері қозғалды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Жібек жолымен байланысты тарихи-мәдени мұра нысандарын заманауи құжаттау аспектілері мен кезеңдерін талқылау. Семинарға қатысушылар тарихи және мәдени құндылығы бар бірегей нысандарды құжаттау және сақтау бойынша озық тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісті.
- Маңғыстаудың табиғи-тарихи өлкетану ескерткіштерін Юнескоға енгізу басты мақсатымыз. Әрине ең алдымен археологтар киелі мекендерді зерттеп,зерделеуі тиіс. Осы ретте «QazaqGeography» мен бірлесіп, Жапония, Әзірбайжан,Франция мемлекеттерінен арнайы мамандарды шақырттық. Біз үшін бұл үлкен мәртебе,- деді Маңғыстау облыстық туризм басқармасының басшысы Мәулен Ғабдулқалиев.
Семинарды ашқан «QazaqGeography» РҚБ Басқарма төрағасы Ерік Сұлтанов ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұралар тізіміне енгізу арқылы тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау жұмыстарында мұндай шаралардың маңыздылығын атап өтті.
- Бүгін біз өзекті тақырыптарды қозғайтын Жібек жолымен байланысты тарихи-мәдени мұра нысандарын заманауи құжаттау аспектілері мен кезеңдерін талқылап, семинар өткізіп жатырмыз. Семинар аясында Батыс Қазақстан облысы оның ішінде Маңғыстау өңіріне ерекше назар аударуымызға тура келеді. Шараға арнайы «Юнеско» ұйымынан экперттер және Жапондық сенім қоры, Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері келді.«Жібек жолы: Еділ-Каспий дәлізі» сериялық трансұлттық номинациясын дайындауға ерекше назар аударылады. Семинар осы жобаға қатысты мәселелерді талқылау және оны жүзеге асырудың оңтайлы тәсілдерін іздеу алаңына айналды,-деді Ерік Сұлтанов.
Шара аясында Маңғыстау облысының тарихи-мәдени мұрасын зерделеу мақсатында көшпелі экскурсия да ұйымдастырылады. Бұл кезең қатысушыларға нақты объектілерімен жақын танысуға, олардың маңыздылығы туралы алғашқы түсінік алуға және олардың мысалында практикалық бөлікті зерттеуге мүмкіндік береді.
Осылайша, Түпқараған түбегінде орналасқан нысандар, соның ішінде Шақпақтысай шатқалының, Қосбайыр қорымының, Шақпақ ата жартас мешітінің және Қапамсай шатқалының ішіндегі нысандар зерттелмек. Сонымен қатар, Кенті-Баба қорымына, Сұлтан епе бейіті мен жерасты мешітіне және басқа да нысандарға бару жоспарлануда.
Ақтауда өткен семинар Жібек жолының Каспий теңізі тармағының тарихи-мәдени мұрасын сақтау және насихаттаудағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын растады. Қатысушылар әртүрлі елдердің сарапшыларының көмегімен жобаның алдында тұрған міндеттер мен қиындықтар туралы ортақ түсінігін байытып, жобаны сәтті жүзеге асырудың келесі қадамдары туралы шешім қабылдады.
Шара ЮНЕСКО-ның, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының, Халықаралық Орталық Азияны зерттеу институтының, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазақстан Республикасы туризм мен спорт министрлігінің, Маңғыстау облысы әкімдігінің белсенді қолдауымен ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы – «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі.
***
Памятники истории Западного Казахстана могут войти в список всемирного наследия ЮНЕСКО
Сообщаем, что в городе Актау в рамках проекта ЮНЕСКО и японского трастового фонда (Japan FiT) состоялось мероприятие под названием «Поддержка процесса номинации Всемирного наследия Шелкового пути».
На семинаре, который собрал ученых и экспертов из разных стран, включая Казахстан, Японию, Великобританию, Азербайджан, Иран, Туркменистан и Россию, были затронуты актуальные вопросы международного сотрудничества и координации усилий в рамках подготовки Серийной транснациональной номинации «Шелковый путь: Волго-Каспийский коридор».
Основной целью мероприятия стало обсуждение аспектов и этапов современной документации памятников историко-культурного наследия, связанных с Шелковым путем. Участники семинара поделились своим опытом и знаниями о передовых методах документирования и сохранения уникальных объектов, представляющих историческую и культурную ценность.
- Главная цель этого мероприятия - внедрение в ЮНЕСКО памятников природно-исторического краеведения Мангистау. Конечно, прежде всего, археологи должны изучать священные места. При этом совместно с «QazaqGeography» мы пригласили специальных специалистов из Японии, Азербайджана, Франции. Для нас это большая честь, - говорит руководитель Управления туризма Мангистауской области Маулен Габдулкалиев.
Открывая семинар, председатель правления РОО «QazaqGeography» Ерик Султанов отметил важность таких мероприятий в работе по сохранению историко-культурных памятников с последующим включением некоторых из них во Всемирный список наследия ЮНЕСКО.
- Сегодня мы проводим семинар, на котором обсуждаем аспекты и этапы современного документирования объектов историко-культурного наследия, связанных с Шелковым путем. В рамках семинара необходимо уделить особое внимание Западному Казахстану, в том числе Мангистаускому региону. На мероприятие приехали эксперты японского фонда доверия от организации «Юнеско», Министерства культуры и спорта. Особое внимание будет уделено подготовке серийной транснациональной номинации «Шелковый путь: Волго-Каспийский коридор». Семинар стал площадкой для обсуждения вопросов, связанных с этим проектом, и поиска оптимальных способов его реализации, - сказал Ерик Султанов.
В рамках мероприятия также будет организован полевой выезд для изучения историко-культурного наследия Мангистауской области. Этот этап позволит участникам ближе познакомиться с реальными объектами, получить первостепенное представление об их значимости и на их примере изучить практическую часть.
Так, будут изучены объекты, находящиеся на полуострове Тюб-Караган, в том числе проведены исследования в пределах каньона Шакпактысай, некрополя Косбаир, наскальной мечети Шакпак-ата, каньона Капамсай. Кроме того, запланировано посещение некрополя Кенты-Баба, могилы и подземной мечети Султан-епе и других объектов.
Семинар в Актау подтвердил важность международного сотрудничества в сохранении и популяризации исторического и культурного наследия каспийской ветки Шелкового пути. Участники с содействием экспертов из разных стран обогатили общее понимание задач и вызовов, стоящих перед проектом, и приняли решение о дальнейших шагах для успешной реализации проекта.
Мероприятие организовано при активной поддержке ЮНЕСКО, Национальной комиссии РК по делам ЮНЕСКО, Международного института центральноазиатских исследований, Министерства туризма и спорта Республики Казахстан, Министерства культуры и информации Республики Казахстан, акимата Мангистауской области. Организатором выступило Республиканское общественное объединение «QazaqGeography».