
15-16 қараша күндері Алматыда және edcrunch.online форматында «EdCrunch X – барлығына бірдей дәрежедегі қолжетімділік» атты білім берудегі цифрлық технологиялар бойынша кең ауқымды шара өтеді. Биылғы жылы ұйымдастырушылар АІ мен қашықтан оқытудың мүмкіндіктерін барлығы тең дәрежеде қолдана алу мәселелеріне мән береді.
150-ден астам пікірталастар, шеберлік сағаттары мен баяндамаларында спикерлер білім беру саласындағы әртүрлі өзекті тақырыптар туралы айтатын болады:
- IT мамандарын дайындау;
- IT компанияларында кадрларды дамыту мәселесі;
- цифрлық технологиялардың заманауи жетістіктері;
- когнитивті ғылым;
- білім берудегі жасанды интеллект;
- оқытудағы нейробиология;
- табысты адам тәрбиелеу стратегиялары;
- дизайндық ойлау;
- үйде оқыту;
- онлайн магистратураны іске қосу және т.б.
Орта Азия мен ТМД елдеріндегі ең ауқымды EdCrunchX конференциясына 25 елден 350-ден астам халықаралық спикерлер мен 5 000-ға жуық қатысушы жиналады деп күтілуде. Спикерлер қатарында білім саласындағы әлемдік деңгейдегі білікті мамандар бар. Олар: Дубай, Финляндия, Оңтүстік Корея, Түркия, АҚШ, Сингапур, Эстония, Таиланд, Мексика, Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Ұлыбританиядағы дүниежүзілік инновациялық мектептердің директорлары; Гонконг педагогикалық университетінің, Минерва университінің, Беннет колледжінің, Northeastern университетінің, Сан-Диегодағы Калифорния университетінің, Чапел Хиллдегі Солтүстік Каролина университетінің, Стэнфорд онлайн университетінің басшылары; MIT Fablab, Masterclass, Futurelearn британдық онлайн университетінің, арабтық Edraak, Skillbox, Skyeng, Яндекс Практикум сияқты білім беру платформаларының көшбасшылары.
Өтетін күні: 15-16 қараша.
📍Өтетін орны: Алматы қаласы, Республика сарайы, «Қазақстан» қонақ үйі.
🔊 Қатысу түрі: онлайн/офлайн
Конференцияға қолдау көрсететіндер: Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Инновациялық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры.
Источник: официальная страница digital_ministry_kz