
Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялардың ең негізгі басты мақсаты – үздіксіз өзгерісте болатын өмірге адамдарды дайындау. Бұлай оқытудағы басты мән - потенциалды мүмкіндіктерді жүзеге асыруға бағыттау болып табылады, демек, жастарды еңбектің қай саласыңда да, білім алуда да тек мәлімет жиынтығын меңгеруімен шектелмей, оқушылардың өзіндік іс- әрекетін тиімді ұйымдастыра отырып, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын оқушы етіп даярлау қажет болып отыр. Бұқар жырау ауданы бойынша 5 Ресурстық орталық бар, олар материалдық-техникалық базасымен жабдықталып, оқу сессияларын ұйымдастыру үшін зертханалар мен шеберханалар жұмыс істейді. Жалпы 5 тірек мектебіне 21 магниттік ШЖМ тіркелген. Шағын жинақты мектептерінің педагогтарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында тірек мектептерінің педагогтері шеберлік-сыныптар, семинарлар т.б. іс-шаралар ұйымдастырып отырады. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына сәйкес, магниттік мектептердің 8-11 білім алушылары үшін өткізіледі: бастапқы оқыту сессиясы – қазанның бірінші онкүндігі (10 күн), аралық оқыту сессиясы– ақпанның бірінші он күндігі (10 күн), қорытынды оқыту сессися – сәуірдің үшінші онкүндігінде (10 күн) өткізіліп отырады.
