ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
«Арал ауданы, Жіңішкеқұм ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша
Тоқабай ауылы «29» ақпан 2024 жыл
КІРІСПЕ БӨЛІМІ:
- Арал ауданы, Жіңішкеқұм ауылдық округі әкімі аппаратының (бұдан әрі – аппарат) қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісі болып табылады.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының
2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген (өзгерістер енгізу туралы) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді. - Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды Жіңішкеқұм ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 05 ақпандағы №-24 өкімімен құрылған төмендегі құрамдағы жұмыс тобы жүргізді:
Әлішев Мұхансерік Қуандықұлы Жіңішкеқұм ауылдық округінің
әкімі, топ жетекшісі;
Оразбаев Қанағат Алдажарұлы Статистик маман, топ мүшесі.
Сермағанбетов Шыңғыс Статистик маман, топ мүшесі;
Әбдіхамитұлы
Таханова Айжан Мұстафақызы Статистик маман, топ мүшесі;
Дабылова Еркегүл Сержанқызы Бас маман, топ хатшысы;
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 06.02 – 29.02.2024 жыл аралығында жүргізілді.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен 2023 жылдың қаңтар – желтоқсан айлары толығымен, және 2024 жылдың қаңтар - ақпан айлары аралығындағы кезең қамтылды.
- Жіңішкеқұм ауылдық округінің әкімі М. Әлішев - топ жетекшісі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық, үйлестіру және жауапкершілік жүктелді.
СИПАТТАМА БӨЛІМІ:
І.Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) Жіңішкеқұм ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Жіңішкеқұм ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Талданатын объект туралы мәліметтер:
Жіңішкеқұм ауылдық округі әкімінің аппараты - құзыреті шегінде Арал ауданы әкімдігінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік мекеме болып табылады.
Аппарат өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ, мекеменің Ережесіне сәйкес іске асырады.
Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 120117, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жіңішкеқұм ауылдық округі, Тоқабай елді мекені, Қуаныш Бердімағанбетов көшесі №128.
ІІ. Жіңішкеқұм ауылдық округі әкімі аппаратының қызметіне, оны ұйымдастыру – басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, ауылдық округ әкімі аппараты өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексі;
- Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексі;
- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексі;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңы;
- «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік - процестік Кодексі» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы Кодексі;
Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі;
Қазақстан Республикасының Салық Кодексі;
- Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі;
- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы;
- «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы және басқа да қолданыстағы құқықтық актілер;
- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңы;
- «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы;
- «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы
10 шілдедегі Заңы;
- «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы
28 қаңтардағы Заңы;
- «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы қаулысы;
- «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының
1992 жылғы 30 маусымдағы Заңы.
«Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 1 қазандағы № 86 қаулысы;
ҚР Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидасын бекіту туралы»
№ 423 бұйрығына сәйкес:
«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 04 желтоқсандағы
№ 540 бұйрығы; :
«Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды
(техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 304 бұйрығы;
«Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы
№ 1127 қаулысы;
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңдарына, «Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы» ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министірінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-Ө бұйрығы.
НҚА талдау жүргізу нәтижесінде мынадай қызметтердің процестерін реттеу бойынша құқықтық олқылықтарды анықтады:
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану Қағидаларының 81-тармағына сәйкес тәртіптік жаза қолданылған күннен бастап алты ай iшiнде мемлекеттік әкімшілік қызметшiге жаңа жаза қолданылмаса, онда оның тәртіптік жазасы жоқ деп есептеледі.
Осы Қағиданың 82-тармағына сәйкес егер мемлекеттік әкімшілік қызметшi жаңа тәртіптік терiс қылық жасамаса және бұл ретте өзiн адал қызметкер ретiнде көрсетсе, тәртіптік жаза 6 /алты/ ай өткенге дейiн алып тасталуы мүмкiн делінген.
Бұл ретте, мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жазасын мерзімінен бұрын алу барысында уәкілетті адам жазасы бар қызметшілердің тәртіптік жазаларын тандаулы түрде жүргізу арқылы мемлекеттік қызметшілер арасында артықшылық туындатуы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызады.
ҰСЫНЫМ:
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығының 82-тармағына тәртіптік жаза қолданылған күннен бастап кем дегенде үш ай мерзім iшiнде күшінде болуын өзгерістер мен толықтырулар енгізілу қажет деп ұсынамыз.
ІІІ.Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау.
3.1. Кадрлық құрам бойынша:
2023 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында жүргізілген ішкі талдау нәтижесімен:
Жіңішкеқұм ауылдық округі әкімі аппаратында 2023 жылы бекітілген құрылымға сәйкес қызметкерлер саны – 8 бірлікті құрайды, оның ішінде:
3 – Мемлекеттік қызметшілер;
3 – штаттан тыс қызметкерлер;
2 – кіші (тех) қызметкерлер.
Жіңішкеқұм ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 8 ақпандағы №32 өкімімен статист Таханова Айжан Мустафаевна жүктілігіне және босануына байланысты 2023 жылдың 8 ақпаны мен 13 маусымы аралығында демалысқа шықты.
Негізгі статист қызметкердің жүктілігіне және босануына байланысты Төлепбергенова Нұрғаным Бақытбекқызы 2023 жылғы 09 ақпандағы №33 санды өкімімен уақытша статист болып жұмысқа қабылданды.
Статист маманы Таханова Айжан Мустафаевнаға 2023 жылғы маусымдағы №59 өкімімен 2023 жылдың 14 маусымы мен 2023 жылдың 01 желтоқсан аралығында бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беріліп, Төлепбергенова Нұрғаным Бақытбекқызы 2023 жылдың 14 маусымынан бастап 01 желтоқсан аралығында статистик маманы қызметіне уақытша жұмысқа қабылданды.
Жіңішкеқұм ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 01 тамыздағы № 69 өкімімен автокөлік жүргізушісі Жамалов Алихан Узакбаевич өз еркімен жұмыстан босатылды.
Жіңішкеқұм ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 03 тамыздағы №70 өкімімен Сейілханов Нұржан Құдайбергенұлы автокөлік жүргізуші қызметіне жұмысқа қабылданды.
Жіңішкеқұм ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 07 қыркүйектегі №75 өкімімен бас маман Ықыласов Жеңісбек Серікұлы басқа мемлекеттік лауазымға ауысуына байланысты өз өтінішіне сәйкес 2023 жылдың 07 қыркүйегінен бастап лауазымынан босатылды.
Жіңішкеқұм ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 12 қазандағы №87 өкімімен статист (есепші) Таханова Айжан Мустафаевнаның бала күтіміне байланысты демалыс мерзімінің аяқталуына сәйкес, 2023 жылдың 17 қазанынан бастап өз қызметіне қосылып, негізігі қызметкердің жұмысқа қосылуына байланысты уақытша статитст (есепші) Төлепбергенова Нұрғаным Бақытбекқызы атқарып жүрген қызметінен босатылды.
Тәртіптік жауапкершілікке қатысты.
2023 жылдың қаңтар- желтосқан айлары аралығында:
2023 жылғы есепті кезеңде статист маман Таханова Айжан Мустафаевнаға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған. (12.01.2023 жыл, №2-Ө өкім)
Бас маман Ихласов Женисбек Сериковичке «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған (06.04.2023 жыл,№ 44-Ө өкім);
2023 жылға Жіңішкеқұм ауылдық округі әкімі аппаратында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде іс-шаралар жоспары бектілген.
Жіңішкеқұм ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлері тарапынан этикалық нормаларды сақтау тұрақты түрде талап етіледі.
Мерзімінен бұрын алынған тәртіптік жазалар.
2023 жылдың қаңтар- желтоқсан айлары аралығында: аппарат қызметкерлерге қолданылған тәртіптік жазалардың мерзімінен бұрын алу фактісі орын алмаған.
3.3 Персоналды басқарудың тиімділігін арттыру бойынша.
3.4 Бұл өз кезегінде мамандардың қызмет көрсету сапасын арттырады.
Сонымен қатар, әкімдікке келген қызмет алушыларды турникеттен өту барысында саралау мүмкіндігі туады, ол өз кезегінде қызмет көрсетуші мен қызмет алушы арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге септігін тигізеді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдары
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі |
Жіңішкеқұм ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы |
Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау |
Мемлекеттік сатып алу жұмыстары бойынша конкурстық құжаттама топтамасын дайындайды, мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурстар өткізеді |
Бұндай деректер орын алмаған. Алдағы уақытта орын алмайды |
ІV. Мүдделер қақтығысын реттеу.
Қазіргі уақытта Жіңішкеқұм ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілердің штат саны 2 бірлікті құрайды. Алайда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына
2-қосымша Кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары штат санының лимитi бойынша Әкімшілiк-аумақтық бiрлiк халқының саны 1,2-тен 2-ке дейiн (мың адам) Әкiмдер аппараттарының штат саны (бiрлiк) 2-9 деп көрсетілген. Мекемеде штат санының жетіспеушілігі мемлекеттік қызметшілер арасында функционалдық міндеттерді өзара бөлісіп атқару кезінде мүдделер қақтығысының орын алуына тәуекелдер жоғары.
ҰСЫНЫМ:
Арал ауданы әкімі аппаратына Жіңішкеқұм ауылдық округі әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 1 бірлік мемлекеттік қызметшіге штат сұрау жөнінде ұсыныс енгіземіз.
- V. Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша:
Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің ақпараттық қолжетімділіктерін қамтамасыз ету мақсатында стандарттарға сәйкес ақпараттық тақтайшалар және «Өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы» орналастырылған. «Өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы» талапқа сай қажетті техникалық құралдармен жабдықталған.
2023 ЖЫЛ БОЙЫНША:
«Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 2023 жылы – қызмет көрсетілмеген.
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 2023 жылы қызмет көрсетілмеген.
«Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жекеменшікке сату» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 2023 жылы өтініш түспеген.
«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 2023 жылы қызмет көрсетілмеген.
«Елді мекендер шегінде обьектілер салу үшін жер учаскелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 2023 жылы өтініш түспеген.
VІ.Рұқсат беру функцияларын іске асыру.
Аппаратпен рұқсат беру функциялары жүзеге асырылмайды.
VІІ.Бақылау функцияларын жүзеге асыру:
- 2023 жылы ауыл әкімімен – 10 шешім, 110 өкім қабылданған;
VІІІ.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу:
- 2023 жылы бөлінген қаржы – 63037,0 мың теңге, игерілгені 62973,5 құрап отыр, игерілу пайызы 99,8 %;
ІХ. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу:
Шарттар жасалған жоқ.
Х. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.
Жіңішкеқұм ауылдық округі әкімі аппараты осы кезге дейін ешқандай ақпараттық жүйе әзірлемеген. Ақпараттық жүйенің барлығы Арал ауданы әкімдігі арқылы жүргізіліп келеді.
ХІ. Жіңішкеқұм ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастырушылық – басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
11.1. Жіңішкеқұм ауылдық округі әкімі аппаратының жалпы құжат айналымы:
-2023жылы жалпы құжат саны– 578 ( кіріс – 336, шығыс – 242, арыз -7).
-2024 жылдың қаңтар-ақпан айларына жалпы құжат саны – 293 ( кіріс – 72, шығыс – 54 , арыз -0) құрап отыр.
Өтініштер бойынша:
2023 ЖЫЛ БОЙЫНША:
Ауылдық округ әкімдігіне 2023 жылы барлығы 11 /он бір/ өтініш, сұрау салу, ұсыныс, хабар тіркелген. (Жеке тұлға-11, заңды тұлға-0, жеке қабылдау-24) оның ішінде сұрау салу 3 (үш). Ұсыныс 1 (бір), хабар 1 (бір), өтініш 6 (алты)
2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында:
2024 жылғы есепті кезеңде Жіңішкеқұм ауылдық округі әкімі аппаратына жеке және заңды тұлғалардан өтініш түскен жоқ. Жеке қабылдау 4 (төрт) өткізілді.
Келіп түскен барлық өтініштерге заңдылығына сәйкес жауап қайтарылып қанағаттандырылды.
11.2 Жіңішкеқұм ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі қызметті жандандыру және мемлекеттік стандартқа сай емес мемлекеттік рәміздерді жою және ауыстыру мақсатында мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия құрылып жұмыс атқаруда.
2023 жылдың қаңтар- желтоқсан айлары бойынша:
1 комиссия отырысы өткізілген, 1 хаттама, 1 тапсырма орындалған;
2024 жылдың қаңтар-ақпан айлары бойынша:
Алдағы уақыттарда өткізілетін болады.
11.3 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша:
2023 ЖЫЛ БОЙЫНША:
Жүйелі түрде дөңгелек үстелдер, семинарлар мен кездесу ұйымдастырылған, қаражаттың жұмсалу тиімділігі қоғамдық кеңес мүшелерімен бақылауда.
ҚР Президентінің 2018 жылғы 02 қаңтардағы № 81 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» Жіңішкеқұм ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында арнайы орында орналастырылған, сондай- ақ арнайы сенім телефоны жұмыс жасайды.
Бұқаралық ақпарат құралдарына Арал ауданы, Жіңішкеқұм ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметшілеріне қатысты теріс материалдар анықтауға мониторинг жүргізілді, зерттеу кезеңінде теріс материалдар анықталған жоқ. Ауылдық округ әкімі аппаратының және бағынысты мекемелерде атқарып келген қызметтерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сипаты орын алмаған деп қорытынды жасалынды.
«Арал ауданы, Жіңішкеқұм ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-сі «Фейсбук» әлеуметтік желісінен парақша ашылған. Тұрғындар тарапынан түсетін пікірлер мен сұрақтар толықтай бақылауға алынып, олардың тиімді шешілуі жолға қойылған.
Аудан әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл жөніндегі комиссия отырыстарының қорытындысымен әзірленген хаттамаларына сәйкес тапсырмаларын орындау бойынша тиісті жұмыстар атқарылған, мерзімінен кешіктіріп орындаған немесе мүлдем орындалмағандар хаттамалық тапсырмалар орын алмаған. Қызметкерлермен персоналды түрде профилактикалық әңгімелесу жұмыстарын жүргізу және заңнама талаптарын қатаң сақтау жөнінде түсіндірілді.
Мекеме қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» мақсатында дөңгелек үстел өткізіліп, аудандық БАҚ-да «Толқын» және Ақмешіт ақшамы, Арал әлемі газеттеріне «Жемқорлықпен дерт», «Жемқорлықпен күрес - міндет», «Сыбайлас жемқорлық-қоғамның өзекті мәселесі» атты тақырыптарда мақалалар жарияланды.
Есепті мерзімде Жіңішкеқұм ауылдық округі әкім аппаратымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша -(1-семинар, 1-дөңгелек үстел, 2-кездесу, 1 отырыс, оның ішінде, жеке қабылдау-24, сыбайлас жемқорлыққа қарсы интернет желісінде жарияланған материалдар-3) өткізілген.
Сонымен қатар, 2022-2023 оқу жылында Жіңішкеқұм ауылдық округінің № 248 орта мектебінде 9 желтоқсан -Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай түрлі іс-шаралар, тәрбие сағаттар өткізілген. Жіңішкеқұм ауылдық округінің, Тоқабай ауылының орталық көшесіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы (Бір пара екі қылмыскер) тақырыбындағы билборд орнатылған.
1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша:
1.1. Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр жұмысы) бөліміне: Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығының 82-тармағына тәртіптік жаза қолданылған күннен бастап кем дегенде үш ай мерзім iшiнде күшінде болуын өзгерістер мен толықтырулар енгізілу қажет деп ұсынамыз.
1.Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкессіздіктерді жою бойынша ұсыныстарды орындау және уәкілетті органға хаттар жолдауға қатысты іс-шара жоспарын құру.
11.4.Ауыл ішілік тазалық жұмыстарына қаржы бөлу мәселесі. Жіңішкеқұм ауылдық округінде санитарлық тазалық жұмыстарына бірқалыпты ұстауға бөлінген қаржы толық көлемде жұмсалады. Қызылорда облысы әкімінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 251 қаулысымен өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру мен жою жөніндегі объектілер Жіңішкеқұм ауылдық округі әкімі аппаратына тұрақты пайдалануға табысталған, жер учаскесі Тоқабай ауылынан 3 шақырым қашықтықта орналасқан.
1.4 Аудандық экономика және қаржы бөлімі:
- Жіңішкеқұм ауылдық округі қоғамдастық кеңесімен жан-жақты талқылай отырып, аудандық экономика және қаржы бөлімінен ауыл ішінің тазалығына пайдалануға, лас –қоқыстарды шығару үшін бір погрузчик техникасына қаржы бөлу керек деп санаймыз.
ҰСЫНЫМДАР
- Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкессіздіктерді жою бойынша ұсыныстарды орындау және уәкілетті органға хаттар жолдауға қатысты іс-шара жоспарын құру.
- Жіңішкеқұм ауылдық округі қоғамдастық кеңесімен жан-жақты талқылай отырып, аудандық экономика және қаржы бөлімінен ауыл ішінің тазалығына пайдалануға, лас –қоқыстарды шығару үшін бір погрузчик техникасына қаржы бөлу керек деп санаймыз.
- 3. Арал ауданы әкімі аппаратына Жіңішкеқұм ауылдық округі әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 1 бірлік мемлекеттік қызметшіге штат сұрау жөнінде ұсыныс енгіземіз.
«КЕЛІСІЛДІ»
Жұмыс тобы мүшелері:
Ауылдық округі әкімі,
топ жетекшісі М. Әлішев
Статистик маман Қ. Оразбаев
топ мүшесі
Статистик маманы Ш. Сермағанбетов
топ мүшесі
Статистик маманы А. Таханова
топ мүшесі
Бас маман Е. Дабылова
топ хатшысы
Қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін ұсынылды:
Жіңішкеқұм ауылдық
округінің әкімі М. Әлішев
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі
Жіңішкеқұм ауылдық округі әкімінің аппараты:
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас Жемқорлық тәуекелдері |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі |
Жіңішкеқұм ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы |
Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау |
Мемлекеттік сатып алу жұмыстары бойынша конкурстық құжаттама топтамасын дайындайды, мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурстар өткізу |
Алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі орташа. |
«Бекітемін»
Жіңішкеқұм ауылдық
округінің әкімі
______________М. Әлішев
«29» ақпан 2024 жыл
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
Жіңішкеқұм ауылдық округі әкімінің аппараты
№ |
Ұсыным |
Іс-шара |
Іс-шараны Аяқтау нысаны |
Орындаушылар |
Іс-шараны Орындау мерзімі |
1 |
Қолданылған тәртіптік жазаны тым қысқа мерзімде алып тастау жағдайларын жоюды және тәртіптік жазаны қолданылған күннен бастап 3 ай iшiнде күшінде болуын ұсынамыз. |
Тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу |
Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр жұмысы) бөліміне жолдау |
Е. С. Дабылова |
1 жыл ішінде |
2 |
Жіңішкеқұм ауылдық округі қоғамдастық кеңесімен жан-жақты талқылай отырып, аудандық экономика және қаржы бөлімінен ауыл ішінің тазалығына пайдалануға, лас –қоқыстарды шығару үшін бір погрузчик техникасына қаржы бөлу керек деп санаймыз. |
Тиісті ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу |
Аудандық экономика және қаржы бөліміне жолдау |
Е.С. Дабылова |
1 жыл ішінде |
3 |
Арал ауданы әкімі аппаратына Жіңішкеқұм ауылдық округі әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 1 бірлік мемлекеттік қызметшіге штат сұрау жөнінде ұсыныс енгіземіз. |
Тиісті ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу |
Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр жұмысы) бөліміне жолдау |
Е.С.Дабылова |
1 жыл ішінде |