ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА «Тоқабай ауылдық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша

    Статус
    Завершено
    Формат
    Очно
    ОбъявлениеЗавершено

    ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    «Тоқабай ауылдық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша

    29 .02.2024 жыл Тоқабай ауылдық клубы

    КІРІСПЕ БӨЛІМІ:

    1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісі болып, «Тоқабай ауылдық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының қызметі (әрі қарай – Кәсіпорын) табылады.
    2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген (өзгерістер енгізу туралы) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
    3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды кәсіпорынның 2024 жылдың 2 ақпанындағы №2 бұйрығына сәйкес кәсіпорынның комплаенс-офицері Ермаханов Жанаталап Кашакбаевичпен жүргізілді.
    4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2024 жылдың 06 -29 ақпан аралығында жүргізілді.
    5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен 2023 жылдың қаңтар - желтоқсан аралығымен 2024 жылдың қаңтар - ақпан айы аралығындағы кезең қамтылды.
    6. Кәсіпорынның меңгерушісі А. Есдаулетов сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық, үйлестіру және жауапкершілік жүктелді.

    СИПАТТАМА БӨЛІМІ:

    І.Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

    1) Кәсіпорынның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде (әрі қарай - НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

    2) Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    Талданатын объект туралы мәліметтер:

    Кәсіпорын қызметінің басты міндеті мәдениет саласында қызмет көрсету болып табылады. Көрсетілген мақсатты іске асыру үшін кәсіпорын келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

    - Қазақстан Республикасында аталып өтетін мерекелерді, концерттерді, фестиваль-конкурстарды, байқауларды, халықтық қолданбалы және бейнелеу өнерілерінің көрмесін ұйымдастыру;

    - Семинарлар, конференциялар, көрмелер, және облыстық мәдениет саласындағы даму нысандарын ұйымдастыру;

    - Аймақтық, облыстық, республикалық және халықаралық конкурстарға, фестивальдарға қатысу арқылы халық шығармашылығының үздік ұжымдарын насихаттау;

    - Мәдени-демалыс қызмет орталығы саласында ұлттық мәдениеттің дамуына және сақталуына бағытталған әр түрлі мәдени акциялар, бағдарламалар мен инновациялық жобаларды қолдау.

    Мекен-жайы: Қызылорда облысы, Арал ауданы, Тоқабай ауылдық клубы КМҚК-ны Қ. Бердімағамбетов көшесі, №133.

    ІІ. Кәсіпорынның қызметінде, оны ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, кәсіпорын өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.

    - Қазақстан Республикасының Конституциясы;

    - Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі;

    - Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;

    - «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI Заңы;

    -"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV Заңы;

    - «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Қазақстан Республикасы Заңы;

    - Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңы;

    - Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Кодексі);

    - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi;

    - Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және
    өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының Заңы;

    - «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңы;

    - "Қазақстан Республикасының шегінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының қызметтік іссапарлары туралы қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 қаулысы;

    - "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысы;

    - "Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде Шет мемлекеттерге қызметтік іс-сапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысы.-

    НҚА зерделеу нәтижесінде оларды сәйкесіздіктер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдер тудыратын деректер анықталмады.

    ІІІ. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау.

    3.1. Кадрлық құрам бойынша.

    2023 жылы қызметкерлерді басқару: штаттық бірлік бойынша -4, 05; қызметкерлер саны -5. Оның ішінде шығармашылық қызметкерлер- 3; есепші-1. 0,5 штат бірлікте 1 қызметкер жұмыс жасайды.

    2024 жылдың қаңтар-ақпан кадрлық құрам бойынша 0,5 штаттық бірліктегі 1 қызметкер өз еркімен өтінішіне сәйкес жұмыстан босатылды.

    Теріс себептермен жұмыстан шығарылған қызметкерлер жоқ. Мекемеде кәсіби біліктіліктерін көтеру бойынша қайта даярлау курстарына жіберу және санаттарын көтерудің кестесі мен уақыты сақталған. Еңбек тәртібін бұзушылық фактілері тіркелмеген.

    Талдау жүргізілу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң бұзғандығы үшін сотталған немесе қылмыстық іс жасағандарды жұмысқа қабылдау фактілері анықталмаған.

    3.2. Персоналды басқарудың тиімділігін арттыру бойынша.

    Мекемеде қызметкерлердің жұмыс орнына уақытылы келгені және шыққаны туралы хабардар болуын, яғни еңбек тәртіптерін бақылау үшін әкімшілік ғимаратқа «турникет» орнату қажет етеді.

    Себебі, қызметкерлердің уақытылы жұмыста болуын басшылық тарапынан қадағалауғада өз септігін тигізеді, сондай-ақ жұмыс барысымен құзырлы мекемеге барып келген уақыттарын және жұмыста белгісіз себептермен болмаған жағдайда дәлелдеме болуға негіз болады.

    Бұл өз кезегінде, қызметкерлердің жұмыс уақытында негізсіз жұмыс орнын қалдырып, өзге тұлғалармен ресми емес түрде кездесуді тыйуға және кез келген сыбайлас жемқорлықтың алды алудың құралы ретінде қолданылады.

    ҰСЫНЫМ:

    - Қызметкерлердің жұмыс уақытында негізсіз жұмыс орнын қалдырып, өзге тұлғалармен ресми емес түрде кездесуді тыйуға және кез келген сыбайлас жемқорлықтың алды алу, сондай-ақ іс-шаралар ұйымдастыру барысында қаржы жағынан қолдау берілсе.

    3.3. Маусымдық жұмысқа қабылдау кезінде жариялылық.

    Маусымдық жұмысқа қабылдау барысында Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V заңының №134 бабының 2-3 тармақшасына сәйкес (Заңнның қандай нормасына сәйкес маусымдық жұмысқа қабылдау жүргізіледі) мекеме басшысы тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдер болуы мүмкін.

    Себебі, маусымдық жұмысқа қабылдау кезінде басшылық тарапынан туған туысқандыққа жол беріліп, жақын туыстарын жұмысқа мүдделілік танытып, қабылдауы ықтимал.

    Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес туған-туыс, ағайындықтың алдын алу мақсатында, маусымдық жұмысқа азаматтарды қабылдау мәселелерін реттейтін кәсіпорын басшылығынан дербес іріктеу комиссиясын кәсіпорын басшысының бұйрығымен құрып, кәсіпорынның интернет-ресурсындағы әлеуметтік парақшаларына жарияланған күнмен, ауылдық округ тұрғындарының толыққанды қатысуына жариялылық берілсе, мүдделер қақтығысын болдырмауға және кез келген сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралы болады.

    ҰСЫНЫМ:

    - «Тоқабай ауылдық клубы» МКҚК-на маусымдық жұмысқа қабылдау барысында үміткерлерді (азаматтарды) іріктеу және конкурстық негізінде ашық пен әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету мақсатында, Іс-шара ұйымдастыру барысында қаржылай қолдау көрсету.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдары

    Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі

    Кәсіпорын

    директоры

    Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау

    ҚР Конституциясына, ҚР өзгеде нормативтік –құқықтық актілеріне сүйене отырып, Заңдылықтар қағидаттарын басшылыққа алу, адамның және азаматтың құқықтарымен бостандықтарын, Заңды мүдделерін бұзуға бастайтын іс-әрекеттерге жол бермеу. Ұйымның және ұжымның беделін түсіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге міндетті.

    Кәсіпорын директорының лауазымдық міндетте көрсетілген тараптарын ескере отыра орындалуы тиіс.

    Бұндай деректер орын алмаған. Дегенмен, алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі жоғары.

    ІV. Мүдделер қақтығысын реттеу.

    2023 жылдары қаңтар - желтоқсан, 2024 жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығында Кәсіпорында мүдделер қақтығысы орын алмаған.

    4.1 Кәсіпорынның белгілі бір қызметкерлеріне өздерінің функциональдық міндеттеріне қосымша комплаенс-офицер қызметін жүктеген. Бұл өз ретінде, кәсіпорын қызметкерлері өздерінің еңбек міндеттерін орындау барысында жеке мүдделіктің туындауына әкеліп соғады. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде арнайы комплаенс-офицер қызметі штаттық бірлігі қарастырылмағандықтан, мәдениет Үйінің мамандарына қосымша міндеттемелер жүктелуде, осы жағдай мүдделер қақтығысын туғызуы ықтимал. Кәсіпорында комплаенс-офицер қызметкеріне штаттық бірлік берілсе, ашықтылықты, жариялылықты қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық сипатының алдын алуға өз септігін тигізеді.

    ҰСЫНЫМ:

    - «Тоқабай ауылдық клубы» МКҚК-ны Іс-шара ұйымдастыру барысында қаржылай көмек берілсе.

    1. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

    Кәсіпорынмен мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.

    VІ. Рұқсат беру функцияларын іске асыру.

    Кәсіпорынмен рұқсат беру функциясы жүзеге асырылмайды.

    VІІ. Бақылау функцияларын жүзеге асыру:

    Кәсіпорынмен бақылау функцияларын жүзеге асырылмайды.

    VІІІ. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

    - 2023 жылы - 16019 мың теңге , игерілу пайызы 100%.

    - 2024 жылға - 18356 мың теңге қарастырылған.

    ІХ. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

    - 2023 жылы – 1 шарт;

    Х. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

    Кәсіпорында 2023 -2024 жылдар аралығында ақпараттық жүйе әзірленбеген және ақпараттық жүйелер ауылдық округі әкімі аппараты арқылы жүзеге асырылады.

    ХІ. Тоқабай ауылдық клубының ұйымдастырушылық – басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

    11.1. Жалпы құжат айналымы:

    - 2023 жылы жалпы құжат саны – 49 (кіріс-20,
    шығыс-11,). Мекеме басшысы – 18 бұйрық шығарды.

    - 2024 жылдың қаңтар-ақпан айы аралығында жалпы құжат саны – 15. (кіріс-7, шығыс-4). Қаңтар-ақпан айларында арыз шағымдар түскен жоқ. Мекеме басшысы – 5 бұйрық шығарды.

    Өтініштер бойынша:

    2023 жылы – 1 өтініш түсіп заңдылығына сәйкес жауап берілді.

    2024 жылдың қаңтар - ақпан айлары аралығында өтініш келіп түскен жоқ.

    11.2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша:2023 жылдың Тоқабай ауылдық клубында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы "Адал ұрпақ, жеткізер елді мұратқа" атты мектеп оқушыларымен сахналық қойылым қойылды.

    "Сыбайлас жемқорлық сенің өміріңе балта шабады" атты мектеп оқушылары мен мұғалімдер арасында дөңгелек үстел өткізілді. Қазіргі таңдағы мәселелердің бірі — қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік дамыған мемелекеттердің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз.

    Талдау нәтижесінде Кәсіпорын қызметінде қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкестіктерді жою бойынша:

    ҰСЫНЫМДАР:

    1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша:

    1.1 Жіңішкеқұмауылдық округі әкімі аппараты және аудандық экономика және қаржы бөліміне: «Тоқабай ауылдық клубы» МКҚК-ы қызметкерлерінің жұмыс уақытында негізсіз жұмыс орнын қалдырып, өзге тұлғалармен ресми емес түрде кездесуді тыйыуға және кез келген сыбайлас жемқорлықтың алды алу, сондай-ақ еңбек тәртіптерін бақылау үшін әкімшілік ғимаратқа «турникет» орнату үшін қаржы бөлуге бюджеттік өтінім жолдауды;

    1.2. Жіңішкеқұм ауылдық округі әкімі аппаратына: «Тоқабай ауылдық клубы» МКҚК-на маусымдық жұмысқа қабылдау барысында үміткерлерді (азаматтарды) іріктеу және конкурстық негізінде ашық пен әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ мүдделер қақтығысын болдырмауға және кез келген сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін маусымдық жұмысқа азаматтарды қабылдау мәселелерін реттейтін кәсіпорын басшылығынан дербес іріктеу комиссиясын кәсіпорын басшысының бұйрығымен жасалып, құрамына мүдделі емес, яғни мемлекеттік емес қоғам ұйымдардың өкілдерін немесе т.б. комиссия мүшесіне енгізуді;

    1.3. «Аудандық экономика және қаржы» бөліміне және уәкілетті органдарға:

    «Тоқабай ауылдық клубы» МКҚК-на ашықтылықты, жариялылықты қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық сипатының алдын алуға өз септігін тигізу мақсатында, мүдделер қақтығысын болдырмауға және кез келген сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін комплаенс-офицер қызметкеріне 1 штаттық бірлік беруге ұсыным хат жолдауды.

    1. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкесіздіктерді жою бойынша ұсыныстарды орындау және уәкілетті органға хаттар жолдауға қатысты іс-шара жоспарын құру.

    Комплаенс-офицері Ж. Ермаханов

    Қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін ұсынылды:

    Кәсіпорын меңгерушісі А. Есдаулетов

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан

    лауазымдардың тізбесі

    «Тоқабай ауылдық клубы» МКҚК

    Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі

    Кәсіпорын директоры

    Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау

    ҚР Конституциясына, ҚР-ның өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сүйене отырып, заңдылықтр қағидаттарын басшылыққа алу, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін бұзуға бастайтын іс-әрекеттерге жол бермеу.Ұйымның және ұжымның беделін түсіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге міндетті. Мәселен, кәсіпорын директорының тәртіптік теріс қылық жасаған сәтте алынбаған тәртіптік жазасы болса, заңнама талаптарына сәйкес қатаң жазалар қолдану көрсетілген. Кәсіпорынның директоры лауазымдық міндетте көрсетілген тараптарын ескере отыра орындауы тиіс.

    Бұндай деректер соңғы 3 жылда орын алмаған. Дегенмен, алдағы уақытта орын алу мүмкіндігі жоғары.

    «Тоқабай ауылдық клубы»

    МКҚК-ның меңгерушісі

    А. Есдаулетов

    ______________

    «29 »ақпан 2024 жыл

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

    Тоқабай ауылдық клубы» МКҚК

    Ұсыным

    Іс-шара

    Іс-шараны аяқтау нысаны

    Орындау

    шылар

    Іс-шараны орындау мерзімі

    1.

    Үй ғимаратына турникет қондырғысын орнату бойынша қаржы сұрауға хат жолдау;

    Тиісті ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

    Жіңішкеқұм ауылдық округ әкімі аппаратына жолдау

    А. Есдаулетов

    1 жыл ішінде

    2.

    Маусымдық жұмысқа қабылдау барысында жұмысқа қабылданатын тұлғалардың мүдделерін толықтай қадағалау мақсатында, ауылдық округ әкімі тарапынан бір мүдделі тұлғаның комиссия мүшесіне енгізуге ұсыным хат жолдау.

    Тиісті ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

    Жіңішкеқұм ауылдық округ әкімі аппаратына жолдау,

    уәкілетті органдарға жолдау

    А. Есдаулетов

    1 жыл ішінде

    3.

    Комплаенс-офицер қызметкеріне 1 штаттық бірлік беруге ұсыным хат жолдауды

    Тиісті ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

    Жіңішкеқұм ауылдық округ әкімі аппаратына,

    Уәкілетті органға

    жолдау

    А. Есдаулетов

    1 жыл ішінде

    Похожие материалы

    ДругоеЗавершено

    Литературный вечер, посвященный 95-летию Мукагали Макатаева

    Сотрудники средней школы №248 и сельского клуба провели литературно-музыкальный вечер «Мукагали әлемі», посвященный 95-летию со дня рождения казахского акына Мукагали Макатаева. Цель вечера-показать учащимся жизнь и творчество Мукагали Макатаева,привить любовь к поэзии,духовно-нравственное воспитание подрастающего поколения. В ходе литературно-музыкального вечера были даны сведения о жизненном пути поэта,выразительно прочитаны его стихи. Кроме того,прозвучали песни на слова поэта, были показаны сценические постановки. Вечер был насыщенным и насыщенным, что придавало зрителям особый душевный колорит. В очередной раз песни поэта проникли в сердца, и его вечное наследие отразилось в сознании молодого поколения. Активное участие в мероприятии приняли учащиеся школы, учителя и сотрудники клуба, которые подарили зрителям позитивным настроения.

    НовостиЗавершено

    ЕҢБЕГІ ЕРЕН - ЕР ТҰЛҒА!

    В Жинишкекумском сельском округе, в селе Токабай, прошло авательное мероприятие под названием « Еңбегі ерен ер тұлға», посвященное Куаныш Бердимаганбетову - лауреату Государственной премии Казахской ССР, прославившемуся своим трудом и ставшему примером достойной жизни. В ходе мероприятия была установлена юрта, для сельских аксакалов был накрыт дастархан и оказано почтительное уважение. Аким села М. Алишев, взяв слово, отметил, что наш уважаемый Куаныш Бердимаганбетов всегда отличался трудолюбием и упорством, своей достойной жизнью стал примером для подрастающего поколеня, а его труд навсегда останется в памяти сельчан с особым уважением. Он также поздравил жителей с приближающимся Днем пожилых людей. В честь Куаныша Бердимаганбетова также состаялось поэтическое состязание акынов, где были прочитаны стихи, среди девушек прошли соревнования по бегу, а среди юношей – конкурс по стрижке овец. Участникам акына, бега и состязаний по стрижке овец были вручены специальные призы и памятные подарки. Праздничный концерт, в ходе которого артисты пели и танцевали, поднял настроение всех присутствующих. Такие памятные встерчи – это уважение к старшему поколению и воспитание молодежы. Куаныш Бердимаганбетов – действительно гордость своей траны, человек, заслуживший уважение народа своим трудом.

    ДругоеЗавершено

    МОШЕННИЧЕСТВО – БЕССТЫДНОЕ ДЕЯНИЕ

    28 января участковый инспектор полиции Жинишкекумского сельского округа майор полиции А. Шукуров раздал жителям села брошюры по профилактике преступлений, связанных с интернет-мошенничеством, и провел большую разъяснительную работу. Проедание чужих денег, воровство у кого-то и само воровство никогда ни к чему хорошему не приводили. Хорошо известно, что злые намерения ведут к ошибке, ошибка ведет к преступлению, а возмездие за преступление — наказание. В настоящее время полностью остановить мошенничество невозможно. Потому что общество состоит из разных людей и разных точек зрения. Вот почему мы считаем, что единственный способ защитить себя от мошенничества — это юридическая грамотность каждого. Именно поэтому постоянно проводится профилактическая разъяснительная работа, чтобы не стать жертвами мошенников. Главное, мы надеемся, что люди извлекут урок. Как бы мы ни защищали себя, мы никогда не должны отказываться от того, что защищаем. Только тогда откроется путь к предупреждению преступности.

    ДругоеЗавершено

    СТРЕЛЬБА – НАЦИОНАЛЬНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ИСТОЧНИК

    Отеген Максат, ученик 10 класса средней школы № 248 поселка Токабай, Жинишкекумского сельского округа, Аральского района, занял 2 место в командном и 1 место в личном зачете на отборочных соревнованиях по Республике Казахстан по виду спорта «Асык ату». проходивший в Кармакшинском районе, и был награжден кубком и дипломом. был награжден. Кроме того, он получил путевку на Чемпионат Республики Казахстан, который пройдет в Таразе в феврале. Результат упорного труда и самоотверженности тренера Дархана Амандыкули Сексенбаева, который тренирует молодых спортсменов. Желаем нашим юным спортсменам дальнейших успехов!

    ДругоеЗавершено

    ВОЕННАЯ ПОСТАВКА — ЭТО ГРАЖДАНСКАЯ ОБЯЗАННОСТЬ

    Начальник отдела обороны Аральского района Жинишкекумского сельского округа М.У.А. Майор Э. Бодыбаев посетил со своим личным составом и провел разъяснительную работу, связанную с весенними предпроектными изыскательскими работами 2025 года. В мероприятии приняли участие юноши и их родители, которые проходят военную службу. В нашей стране призывные кампании проводятся ежегодно весной и осенью. В настоящее время уже начаты предварительные проработки весеннего проекта. В связи с этим приглашаем жителей села принять активное участие в данной акции! Защита Родины всегда была священным долгом каждого гражданина Казахстана. Это самый главный долг, самый важный человеческий долг каждого человека, считающего себя гражданином, с честью в груди, мужеством в теле и огнем в сердце.

    НовостиЗавершено

    В СЕЛЕ ТОКАБАЙ ОТКРЫТА ВРАЧЕБНАЯ АМБУЛАТОРИЯ

    В соответствии с поручением Главы государства Касым-Жомарта Токаева по обеспечению доступности медицинской помощи и улучшению инфраструктуры, в Кызылординской области ведется большая работа. Строительство организаций первичной медико-санитарной помощи, оснащенных современным оборудованием, позволит повысить доступность и качество медицинских услуг на селе, в том числе профилактических осмотров, беременных женщин и патронажа, провести амбулаторную реабилитацию и другие виды медицинской помощи. Одним из свидетельств этого является то, что в населенном пункте Токабай, которого ждали долгие годы, введен в эксплуатацию объект врачебной амбулатории. На торжественной церемонии открытия глава региона Нурлыбек Машбекович поздравил жителей села с Новым годом, сказав: «в прошлом году нет легких, в будущем много надежд» - прошедший год стал для нашей страны и для нашего региона годом больших успехов. Он отметил, что благодаря нашему единству и солидарности с населением в республике все основы среди регионов в течение года находятся на переднем крае по макроэкономическим показателям. Кроме того, благодарственным письмом акима области были награждены братья предыдущего поколения, внесшие вклад в социально-экономическое развитие района, и сотрудники подрядных организаций, которые вели строительство объекта. Вместе с главой региона выступили депутаты Сената Парламента, братья страны, Жайымбетов Мархабат Жайымбетов, поздравили жителей села.

    ВстречаЗавершено

    "Давайте остерегаться чужого течения!"

    Молодежь является движущей силой общества.Сегодня различные течения под видом ислама отравляют умы нашей молодежи. И наша молодежь, захваченная этой тенденцией, не может отличить истинную религию от ложной. Это большая проблема для будущего нашей страны и общества. В вопросе предотвращения иностранной миграции наша страна намерена победить не силой, а образованием и идеологией. По этому случаю имам Центральной мечети Аральского района Нуржан Кенесканов, специалист отдела развития общественности Отаров Асет и специалист Центра поддержки семьи Отегенов Бексултан встретились с жителями села и провели разъяснительную работу в Токабайском сельском клубе.

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.