Стартовала республиканская экологическая акция «Таза Қазақстан»

    Статус
    Завершено
    Формат
    Очно
    Стартовала республиканская экологическая акция «Таза Қазақстан»
    ОбъявлениеЗавершено

    Бүгін республика бойынша жастар ресурстық орталықтары мен жастар ұйымдарының бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Науқан бес аптаға созылады. Əр аптаның өзіндік атауы мен нақты мақсаты бар.

    Науқанның алғашқы күнінен 13 сəуірге дейін созылатын бірінші апта «Таза өлке» деп аталады. Бастапқы жеті күн ішінде елдімекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кəсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалайды.

    20 сəуірге дейін жалғасатын екінші аптаға «Киелі мекен» атауы беріледі. Бұл күндері тарихи-мəдени ескерткіштер аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

    27 сəуірге дейінгі үшінші аптаға «Жасыл аймақ» тақырыбы қойылды. Бұл апталықта көшеттер отырғызылады жəне ағаштар əктеледі.

    «Өнегелі ұрпақ» деп аталған келесі апталық 4 мамырға дейін жалғасады. Айтылған күндері ардагерлер мен қарттардың аулаларына тазалық жүргізіліп, оларды абаттандыруға көмек беріледі.

    «Мөлдір бұлақ» атауы берілген соңғы, бесінші аптада су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.

    Озеленение и благоустройство

    Похожие материалы

    ДругоеЗавершено

    «Әз-Наурыз-ұлттық мәдениет мерейі» атты мерекелік іс-шараға шақырамыз!

    ҚҰРМЕТТІ ТЕМІР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесіне орай өтетін «Әз-Наурыз-ұлттық мәдениет мерейі» атты мерекелік іс-шараға шақырамыз! Өтетін орны: Темір ауылы, орталық алаң Басталу уақыты: 22 наурыз 2026 жыл, сағат 10:00 Мерекелік бағдарлама аясында: Ұлттық спорт түрлерінен тартысты сайыстар Көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын концерттік бағдарлама Киіз үйлерде ұлттық тағамдардан дәм тату Наурыз – бұл жаңару мен жаңғырудың, береке мен бірліктің, татулық пен ізгіліктің мейрамы. Бұл күні әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен молшылық тілейміз! Баршаңызды осы айтулы мерекені бірге қарсы алып, ұлттық дәстүрімізді ұлықтауға шақырамыз! Келіңіздер, Наурыздың шаттығын бірге бөлісейік!

    22 мар. 2026 г.Очно
    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.