
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10 бабына сәйкес, 2024 жылғы 23 қазан күні сағат 11:00-де Есіл қаласында сегізінші шақырылған Есіл аудандық мәслихатының кезектен тыс 28-сессиясының шақырылатындығын хабарлаймын.
Сессияның қарауына мына мәселелер енгізіледі:
- Есіл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-13/2 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Есіл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С- 14/2 «2024-2026 жылдарға арналған Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- 2024 жылға арналған Есіл ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы және басқалар.
Есіл аудандық мәслихатытөрайымының өкілеттігінуақытша жүзеге асырушы Е. Челюбеева