«БЕКІТЕМІН» БҚО жер қатынастары басқармасының басшысы _________________ Н.Мақсотов 2024 жыл «10» қаңтар Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының 2024-2025 жылдарға арналған ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ № р/с Іс-шара Аяқталу нысаны Ж ауапты орындаушы лар Орындау мерзімі 1 2 3 4 5 1. Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыстарды жүргізу Ақпарат, мониторинг Барлық бөлімдер Ай сайын 2. Же қойнауын пайдаланушылардың жыл сайынғы міндеттемелерін орындау бойынша мониторинг жүргізу Мониторинг Жауапты бөлімдер Сәуір-шілде Жыл сайын 3. Жерді жалға беру бойынша басқарма тарапынан жасалған шарттарға мониторинг жасау Мониторинг Жауапты бөлімдер Жыл қорытындысымен 4. Жер қатынастары саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттарды талдау және тиісті ұсыныстар әзірлеу Талдау Жауапты бөлімдер Жыл ішінде 5. 2003-2018 жылдары конкурссыз берілген жерлерді заңдастыру бойынша Арнайы комиссия, Облыстық жер комиссияся және басқарма жұмыс органы болап табылатын түрлі комиссялар мен жұмыс топтарының отырыстарын уақытында өткізу және берілген тапсырмаларды бақылау, талқылау Жұмыс жоспарына сәйкес Жауапты бөлімдер Жыл ішінде 6. Жер дауларына қатысты талап арыздарды талдау жөнінде семинарлар ұйымдастыру Семинар Бөлім басшылары Тұрақты түрде 7. Қалалық және аудандық жер қатынастары бөлімдерімен жұмыс барысындағы қарым-қатынасты нығайту, оларға әдістемелік көмектер көрсету, жұмыстарына қажеттілкке орай талдау жүргізу Ақпарат Жауапты бөлімдер Тұрақты түрде 8. Заңдылықты сақтауға және қызметтік тәртіпті нығайтуға бағытталған алдын алу және тәрбиелік-профилактикалық жұмыстарды жүргізу Ақпарат Басқарма басшысы, бөлім басшылары Тұрақты түрде 9. Жер қатынастары саласындағы заңнамаларға сараптама жасау және қажетінше тиісті органдарға ұсыныстар әзірлеу, жолдау Ұсыныстар Басқарма қызметкерлері Қажеттілкке орай 10. Басқарманың қаржылық, материалдық жұмыстарын талқылау, инвентаразициялау жұмыстарын үнемі күн тәртібінде қарау Ақпарат Басқарма басшысы, бөлім басшылары, жауапты мамандар Тоқсан сайын 11. Басқарма қызметкерлері арасында, этика, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жұмыс барысындағы қарым-қатынас бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізу Түсіндіру жұмыстары Басқарма басшысы Жауапты бөлімдер Тоқсан сайын 12. Жер қатынастары саласындағы БАҚ беттерінде жарияланған сыни материалдарға тиісті жауаптар беру немесе тиісті шараларды алу Ақпараттар Жауапты басқарма бөлімдері Қажеттілігіне орай 13. Азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру Тұрақты қабылдау кестесіне сәйкес Басқарма басшысы Жауапт бөлім басшылары Қабылдау кестесіне сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсету, геоақпараттық мониторинг және әкімшілік-талдау бөлімінің басшысы Ж.Ашикпаев Жер қойнауын пайдалану құқығын беру және лицензия шарттарын бақылау бөлімінің басшысы В.Дюсемалиева Жерге орналастыру және жер кадастры бөлімі басшысының м.а. Б.Тулеушов
Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА Орал қаласы 2025 жылғы 26 мамыр Талданатын объекті туралы мәлімет: Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы. Мекенжайы: БҚО, Орал қаласы, Х.Чурин көшесі, 116 үй, 4 қабат. Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының ведомстволары жоқ. Кіріспе бөлім: Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы (бұдан әрі - Басқарма). Талдаудың негізі: Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы басшысы Н.Е.Мақсотовтың « Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2025 жылғы 23 сәуірдегі № 30-н бұйрығы. Талдауды жүргізу мерзімі: 2025 жыл 2 мамырдан – 30 мамыр. Талдауды жүргізу кезеңі: 2024 жылғы 1 сәуірінен - 2025 жылғы 31 наурызға дейін. Басқарма 3 бөлімнен тұрады ( мемлекеттік қызмет көрсету. геоақпараттық мониторинг және әкімшілік-талдау бөлімі, жерге орналастыружәне жер кадастры бөлімі, жер қойнауын пайдалану құқығын беру және лицензия шарттарын бақылау бөлімі). Басқармаға бағынысты ведомстволары - жоқ. Жұмыс тобысының мүшелері: Ашикпаев Жуматай Имангалиевич Мемлекеттік қызмет көрсету, геоақпараттық мониторинг және әкімшілік-талдау бөлімінің басшысы; Жумагалиев Наримжан Кауышович Жерге орналастыру және жер кадастры бөлімінің бас маманы; Тулеушов Болат Нугманович Жерге орналастыру және жер кадастры бөлімі басшысының м.а.; Дюсемалиева Венера Нурлановна Жер қойнауын пайдалану құқығын беру және лицензия шарттарын бақылау бөлімінің басшысы; Халидуллина Алия Жангировна Магзумов Даурен Заирович Мемлекеттік қызмет көрсету, геоақпараттық мониторинг және әкімшілік-талдау бөлімінің бас маманы Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасының әкімшілік кедергілерді азайту және кәсіпкерлерді құқықтық қорғау бөлімінің бастығы (келісім бойынша) Персоналды басқарумен, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін айқындау. Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты облыс әкімінің 2024 жылғы 22 cәуірдегі №93-ө «Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі туралы ережені бекіту туралы» өкіміне сәйкес персоналды басқарудың бірыңғай қызметінде тәртіптік комиссия жұмысы және «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау функциялары орталықтандырылып, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі мынадай негізгі бағытта өз қызметін жүзеге асырады: 1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу; 2) мемлекеттік қызметшілерді оқыту; 3) «Б корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалауды ұйымдастыру; 4) тәртіптік комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету; 5) тағылымдамаларды ұйымдастыру; 6) мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізу; 7) "Персоналды басқару" бағыты бойынша мемлекеттік органның қызметін бағалау мәселелері; 8) кадрлардың мониторингі, уәкілетті органға есептер дайындау; 9) біліктілік талаптарының жобаларын, құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді, лауазымдық нұсқаулықтарды келісу. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 24 қарашадағы №304 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 6 тамыздағы №185 «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысымен «БҚО жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат саны өзгертілді. Басқарманың штат саны-12, нақты саны- 12 адам. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға бос орындар болмауына байланысты конкурстар өткізілген жоқ; Мемлекеттік қызметшілерді оқыту бойынша; 2024 жылғы ІІ, ІІІ, ІҮ тоқсан аралығында «Б» корпустары мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің біліктілігін арттыру семинарларының 2024 жылғы жоспар-кестесіне сәйкес, 14-16 мамыр аралығында «Бюрократиядан арылу және мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру» тақырыпта 1 (бір), 2025 жылғы жоспар-кестесіне сәйкес 2025 жылғы 27-29 қаңтар аралығында «Мемлекеттік сектордағы келіссөздер және медиация: ымыраға келу өнері» атты тақырыпта 1 (бір) мемлекеттік қызметшілері біліктілігін арттыру семинарына жолданды. «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы №53 «Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын облыстық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес, Басқарма тарапынан 2024 жылғы ІІ, ІІІ, ІҮ тоқсандары мен 2025 жылғы І-тоқсанда «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметіне жылдық бағалау бекітілген кесте бойынша жүргізілді, барлық мемлекеттік қызметшілерге «тиімді» баға берілді. 2024 жылғы 1 сәуірінен - 2025 жылғы 31 наурызға дейінгі уақытта аралығындағы талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған тұлғалар болған жоқ. "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдама қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 20 қантардағы № 12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2022 жылғы 16 қарашадағы № 230 бұйрығына сәйкес, 2024 жылғы жоспарына сәйкес 1 (бір) мемлекеттік қызметші 2024 жылғы 15-19 сәуірде Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында, 1 (бір) мемлекеттік қызметші 2024 жылғы 14-18 қазанда Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасында, 2025 жылғы жоспар кестеге сай 24-28 ақпан аралығында 1 (бір) мемлекеттік қызметші Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында тағылымдамадан өтті. Мемлекеттік қызметшілердің жеке істері «Е-қызмет» персоналды басқару жүйесінде бағалау мәселелеріне қатысты, кадрлардың мониторингі, есептер дайындалып, үнемі жаңартылу жұмыстары жүргізіледі. Мерзімінен бұрын алынған тәртіптік жазалар, тәртіптік жазаларды тым қысқа мерзімде алып тастау және алынбаған тәртіптік жазалар болған қызметкерлерді көтермелеу фактілері болған жоқ. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптарын бекіту туралы» 2023 жылғы 16 маусымдағы № 39-н бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» басқарма басшысының 2024 жылғы 6 наурыздағы № 17-н бұйрығы бекітілді. «Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 1125 қаулысының 2 тармағына сәйкес» басқарма басшысының 2024 жылғы 24 қаңтардағы № 7-н бұйрығы бекітілді. «Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекіту туралы» басқарма басшысының 2024 жылғы 24 қаңтардағы № 5-н бұйрығы бекітілді. Персоналды басқарумен, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар анықталған жоқ. IІ. Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ. ІІІ. Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. БҚО жер қатынстары басқармасы 12 мемелекеттік қызмет көрсетеді. Талдау жүргізілген аралығында "Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін 1 рет көрсетті. Осы қызмет көрсету барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады. IV.Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. «Мемлекеттік меншіктегі жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды салу (реконструкциялау) және жөндеу мақсаттары үшін, сондай-ақ гидроқұрылысжайларды және гидротехникалық құрылысжайларды реконструкциялау және жөндеу үшін пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 188 бұйрығының 33 және 53 тармақатарына сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге арналған рұқсаттар беріледі. Бақылау-тексеру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Басқармада бақылау функциялары жоқ. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. 2024 жылғы ІІ-ІІІ-ІV-тоқсанда: Басқарманың 2024 жылға II тоқсан бекітілген жоспарына сәйкес бөлінген қаражат 65504,0 мың теңге қарастырылды, қорытындысы бойынша 65319,9 мың теңгеден игерілгені 99,7 % құрады. Басқарманың 2024 жылға III тоқсан бекітілген жоспарына сәйкес бөлінген қаражат 94206,0 мың теңге қарастырылды, қорытындысы бойынша 93939,3 мың теңгеден игерілгені 99,7 % құрады. Басқарманың 2024 жылға бекітілген жоспарына сәйкес бөлінген қаражат 133565,0 мың теңге қарастырылды, қорытындысы бойынша 132043,3 мың теңгеден игерілгені 98,9 % құрады. 2025 жылғы І-тоқсанда: Басқарманың 2025 жылға I тоқсан бекітілген жоспарына сәйкес бөлінген қаражат 28088,0 мың теңге қарастырылды, қорытындысы бойынша 27943,5 мың теңгеден игерілгені 99,5 % құрады. Мемлекеттік сатып алу жоспары 2024 жылғы – 48431,8 мың. теңге қарастырылды. Мемлекеттік сатып алу жоспары 2025 жылғы – 31381,3 мың. теңге қарастырылды. VII. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. ҚР Жер кодексінің 16-бабына сәйкес БҚО жергілікті атқарушы органының қабылданған шешімі негізінде Басқарманың құзыретіне ҚР Жер кодексінің 14-1-бабы 1-тармағының 10-тармақшасына сәйкес жер учаскесін жалдау шарттарын жасасу жатады. Шарт жер учаскесіне құқық беру туралы шешім негізінде жер заңнамасына сәйкес 10 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жасалады. Үлгілік шарт ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 26 қыркүйектегі №353 бұйрығымен бекітілген. 2024 жылғы 1 сәуірден 2025 жылғы 31 наурызға дейінгі кезеңде уақытша өтеулі жер пайдалану құқығына 22 шарт жасалды. Жер учаскесіне құқық беру туралы шешім бұлтты құжат айналымы арқылы түседі. Шарт жасасу кезінде жеке және заңды тұлғалармен тікелей байланыс болмайды. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. 2024 жылғы ІІ, ІІІ, ІV-тоқсанда: 2024 жылғы 1 қантар – 31 желтоқсан айлары аралығында бекітілген мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес жалпы сомасы 48431,8 мың. теңгеге 00 келісім шарт жасалды, оның ішінде: - баға ұсынысы арқылы - 37 келісім шарт 1592,4 мың. теңгеге; - өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден - 10 келісім шарт 1023,6 мың. теңгеге; - тікелей қорытынды арқылы бір көзден - 2 келісім шарт 678,1 мың. теңгеге; - конкурстың екінші кезеңі негіздемелік арқылы - 9 келісім шарт 2093,7 мың. теңгеге; - электрондық дүкен арқылы – 1 келісім шарт 4040, мың. теңгеге; - ашық конкурс арқылы – 3 келісім шарт 39004, мың. теңгеге; 2025 жылғы І-тоқсанда: 2025 жылғы 1 қаңтарынан – 31 наурыз аралығында бекітілген мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес жалпы сомасы 31 381,3 мың. теңгеге 00 келісім шарт жасалды, оның ішінде: - баға ұсынысы арқылы – 17 келісім шарт 1107,6 мың. теңгеге; - өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден - 5 келісім шарт 970,3 мың. теңгеге; - тікелей қорытынды арқылы бір көзден - 7 келісім шарт 2423,4мың. теңгеге; - ашық конкурс арқылы – 1 келісім шарт 26880, мың. теңгеге; - конкурстың екінші кезеңі негіздемелік келісім шарт болған жоқ; - электрондық дүкен арқылы келісім шарт болған жоқ. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. V III. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдаланумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Батыс Қазақстан облысында жергілікті атқарушы органдардың геопорталын құру жұмыстары жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта геопортал (ақпараттық жүйе) map.e-batys.kz мекенжайы бойынша орнатылды. Геопорталдың құру мақсаты жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ бизнес өкілдері үшін жер қатынастары және жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратқа қол жеткізу болып табылады. 2023 жылдың қазан айынан бастап, геопортал Жылжымайтың бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесі мен интеграцияланып, Орал және Аксай каласының аумақтарында жер саласы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. ІХ. Ұйымдастыру-басқару қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 33-бабының 1-тармағының 5-1 тармақшасын іске асыру – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі жер пайдалану құқығын иеліктен шығару. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 33-бабының 1- тармағының 5-1 тармашасына сәйкес: - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге уақытша жер пайдалану (жалдау) құқығы азаматтық-құқықтық мәміле негізінде (мысалы, жалдау құқығын сату) иеліктен шығарылуы мүмкін; - жер учаскесі берілген күннен бастап 5 жыл өткен соң ғана мәміле жасауға рұқсат етіледі; Жер пайдаланушы мәміле жасалғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға (ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың) хабарлауға міндетті. 2021 жылғы 30 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы аясында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер пайдалану құқығын иеліктен шығару нормасы көзделген. Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 33-бабының 1-тармағының 5-1 тармақшасына сәйкес «ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердегі жер пайдалану құқығын иеліктен шығару жер пайдалану құқығы берілген кезден бастап бес жыл жалға алу мерзімі өткеннен кейін азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде жүзеге асырылады». 2024 жылы облыста жалпы көлемі 70,0 мың гектарға жуық 30-ға жуық жер телімі иеліктен шығарылды. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: 1) 5 жылдық кезеңнің басталуы туралы жалпы түсініктің болмауы. Кейбір аудандарда мерзім жалдау шарты жасалған күннен бастап, басқаларында – Халыққа қызмет көрсету орталығында тіркелген күннен бастап есептеледі; 2) 5 жылдық мерзімге сәйкестігін тексерудің стандартты алгоритмі жоқ; 3) мәміленің заңдылығы туралы шешімдердің мерзімі объективті тексерілмей қабылдануда; 4) Норманы манипуляциялау мүмкіндігі. Екінші жер пайдаланушылар үшін қай кезде иеліктен шығаруға рұқсат етілгені белгісіз ( бірінші жер пайдаланушыдан жалға алу құқығын сатып алғандар ), жерді теріс пайдалану және алыпсатарлық жасау үшін мүмкіндіктер жасалады; 5) Бірыңғай ұсыныстар немесе түсініктемелер жоқ; 6) Құқықтық сенімділіктің болмауы. Аудандық сарапшылар біртұтас құқықтық ұстанымсыз, өз тәжірибесіне сүйене отырып шешім қабылдайды. Тәуекелдің себептері: - заңға тәуелді актілерде 5-1 тармақты қолдану тәртібінің реттелмеуі; - нұсқаулардың болмауы; Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бойынша ұсыныстар: - Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жоғары тұрған органға ұсыныс дайындау; - талаптардың сақталуын бақылаудың мерзімін, негіздерін және нысанын анықтаудың бірыңғай тәртібін заңнамалық түрде белгілеу; - 5-1-тармақты қолдану бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту; - аудандар мен қалалар бойынша әдістемелік түсініктемелер дайындау. Нақты анықтау керек: мерзім қай күннен бастап есептеледі, шешім қалай шығарылады, заңсыз істер қалай алынып тасталады. ҚОРЫТЫНДЫ: Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 33-бабының 5-1-тармағында нақты реттеудің болмауына байланысты әр өңірде әртүрлі қолданылатын нормалар бар. Бұл субъективті түсіндіруге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, сондай-ақ жер пайдаланушылар үшін құқықтық белгісіздік тәуекелдерін тудырады. Бірыңғай тәсілдер қабылдау, процедураларды нормативтік рәсімдеу қажет. Келісілді: Басқарма басшысы Н.Мақсотов Келісілді: Мемлекеттік қызмет көрсету, геоақпараттық мониторинг және әкімшілік-талдау бөлімінің басшысы Ж.Ашикпаев Жерге орналастыру және жер кадастры бөлімі басшысының м.а. Б.Тулеушов Жер қойнауын пайдалану құқығын беру және лицензия шарттарын бақылау бөлімінің басшысы В.Дюсемалиева Жерге орналастыру және жер кадастры бөлімінің бас маманы Н.Жумағалиев Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасының әкімшілік кедергілерді азайту және кәсіпкерлерді құқықтық қорғау бөлімінің бастығы Д.Магзумов