
Құрметті жерлестер!
Биыл Қазақстан Мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толып отыр.
Бұл айтулы күн еліміздің демократиялық дамуындағы маңызды кезең болды. Маслихаттардың қалыптасуы мен дамуы – халық өкілдері мен жергілікті билік органдарының арасындағы тығыз байланысты нығайтып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өрлеуіне үлкен үлес қосты.
Қазақстан Республикасының мәслихаттары елдегі демократиялық процестердің негізін қалаушы орган ретінде құрылды. 1993 жылдың 10 желтоқсанында Жоғарғы Кеңестің қабылдаған «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» заңы жергілікті мемлекеттік органдардың жаңа құрылымын анықтап, мәслихаттардың функцияларын бекітті.
1994 жылдың 7 наурызында өткен алғашқы мәслихат сайлаулары - елдің саяси өмірінде маңызды кезеңге айналды. Бұл сайлаулар жаңа саяси мәдениетті қалыптастырып, қоғамдық-саяси белсенділікті арттырды.
30 жыл ішінде Мәслихаттар жергілікті басқаруды демократияландыруға, азаматтық қоғамды дамытуға және мемлекеттік органдар мен халық арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған шешімдер қабылдай отырып, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде үлкен үлес қосты.
Жергілікті билік пен мәслихаттар бірлесе отырып, Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық дамуына үлес қосуда. Осы жылдар ішінде атқарған жұмыстарымызды жалғастыра отырып, еліміздің игілігі үшін алдағы уақытта да бірлесе жұмыс атқаратынымызға сенімдімін.
Ата - бабалармыздың сан ғасыр бойы аңсаған асыл арманы болған Тәуелсіздігіміздің арқасында құрылған Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдық мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!
Талғар аудандық мәслихат төрағасы М.Алибеков