Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығы негізінде және Қызылорда облысы бойынша«Идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жөнііндегі 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасына»сәйкес Талсуат ауылдық округіндегі құрамдас бөліктерге атау беру мақсатында көше тұрғындарының қатысуымен өткен жиналыстың
ХАТТАМАСЫ
Талсуат ауылдық округі 13 қаңтар 2025 жыл
Сағ: 10:00
Жиналыс төрағасы: Е.Бейсенбаев –Талсуат ауылдық округінің әкімі.
Жиналыс хатшысы: Ж.Кәдірова –бас маман.
Жиналысқа қатысқандар: Қоғамдық кеңес төрағасы, мүшелері,ардагерлер кеңесінің төрағасы, Талсуат ауылдық округінің тұрғындары
Барлығы- 30 адам.
Күн тәртібінде
- Талсуат ауылдық округіндегі идеологиялық тұрғыдан атауы ескірген Космонавт көшесіне атау беру туралы.
- Пікір алмасу.
Тыңдалды:
Жиналысты Талсуат ауылдық округінің әкімі Е.Бейсенбаев ашып, күн тәртібінде талқыланатын мәселелермен таныстырды.
1.Е.Бейсенбаев –Талсуат ауылдық округінің әкімі: Бүгінгі күннің күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығы талаптарын сақтай отырып және Қызылорда облысы бойынша «Идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі
2022-2025 жылдарға арналған «Жол картасына» сәйкес Талсуат ауылдық округіндегі халықтың пікірлерін ескере отырып, ауылымыздың көшеге атау беру және қайта атау туралы ұсынысына байланысты төмендегідей мәлімдейді.
Идеологиялық тұрғыдан атауы ескірген Космонавт көшесін –Ыбырай Алтынсарин есімімен қайта атау ұсынысын айтты.
2.Б.Қуанышбаев-Ардагерлер кеңесінің төрағасы: Ауылымыздың көшелеріне тарихи тұлғалардың есімімен атау берілсе, ризашылығымызды білдіреміз.Келешек ұрпаққа үлгі болар еді.
Талсуат ауылдық округінің тұрғындары жоғарыда ұсынылған көше атауымен танысып,атау беруге келіп түскен ұсынысқа толықтай келісетіндігі туралы бір ауыздан шешім етті.
ШЕШІМ ЕТЕДІ
- 1 . Қоғамдық кеңес жиналысына қатысқан тұрғындардың пікірін талқылай келе Космонавт көшесіне атау беру барысында тарихи тұлға Ыбырай Алтынсарин атауын беру туралы қолдау білдіре отырып,тиісті заңдылықтарға сәйкес қажетті құжаттары дайындалып, Қызылорда қаласы әкімдігі жанындағы ономастикалық жұмысшы тобының қарауына ұсынылсын:
- Осы хаттаманың орындалуы ауыл әкімі Е.Бейсенбаевтан сұралсын.
Жиналыс төрағасы Е. Бейсенбаев
Жиналыс хатшысы Ж. Кәдірова