
Департамент қабырғасында мемлекеттік қызметшілер үшін ғана емес, жалпы еліміздің әр азаматы үшін маңызды тақырыптардың бірі – сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес туралы жиын өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің маманы Е.Бедич сан.эпид бақылау және Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменттеріне келіп, мамандарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жемқорлыққа қарсы практикалық мемлекеттік саясат туралы ақпаратпен бөлісті.
Департамент мамандары бұл тақырыпқа қызығушылық танытты, сұрақтарын қойып, сыбайлас жемқорлықпен күресте әр азамат үлес қосуы керектігін алға тартты.