Қазақ күресінен ересектер арасындағы «Сарыарқа батырлары» Азия кубогі

    Место
    Қарағанды қаласы, Қазақстан көшесі 1/4, «Жастар» спорт кешені. Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі: 30 сәуір, сағат 12.00.
    Статус
    Завершено
    Формат
    Очно
    Кубок АзииЗавершено

    Қарағанды қаласының 90 жылдығы аясында қазақ күресінен ересектер арасындағы «Сарыарқа батырлары» Азия кубогі өтеді.

    ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Диханбай Биткөзовтың жүлдесіне арналған бұл додада 6 мемлекеттің, яғни Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Қытай және Моңғолия елдерінің кіл мықты спортшылары жиналады.

    Жарыс бағдарламасына сәйкес, палуандар 55, 60, 66, 74, 82, 100 және +100 келі салмақ дәрежесінде белдеседі.

    І орын – 400 000 теңге
    ІІ орын – 200 000 теңге
    ІІІ орын – 100 000 теңге

    Жеңімпаздың бапкеріне - 400 мың теңге!

    Еске салсақ, Азия кубогі 30 сәуір - 1 мамыр күндері аралығында Қарағанды қаласы, Қазақстан көшесі 1/4, «Жастар» спорт кешенінде өтеді.
    Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі: 30 сәуір, сағат 12.00.

    Летние виды спорта

    Похожие материалы

    gov.5n.kz

    Анализируем открытые данные и публикации официальных источников. Материалы собраны в единой ленте для быстрого поиска и мониторинга.

    © 2026 gov.5n.kz. Информационно-аналитический портал.