
Құрметті қала тұрғындары !
Үстіміздегі жылдың ақпан айының 26-сы күні облыстық құқық қорғау органдары басшылар құқық қорғау қызметтері орталығында сағат 10:00 – 13:00 аралығында қылмыстық қудалау және жедел іздестіру қызметі заңдылығына қатысты арызданушыларды бірлесіп жеке қабылдау жүргізеді.
Жеке қабылдаудың Қызылорда қаласы, Ы.Жахаев көшесі, № 18 үй мекенжайда өтетінін, осы қабылдауға алдын ала жазылу облыс прокурорының аға көмекшісі С.Темірбекованың жүргізіп жатқанын назарға саламыз.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 24.08.2017 жылғы №87 бұйрығымен бекітілген Қағиданың 35-тармағына сай, алдын ала жазылу 25.02.2020 жылы сағат 18:30-да аяқталады.
Мына байланыс нөмірлері арқылы жазылуға болады:
тел. 27-77-74.