
Көксу ауданы Мұқыры ауылдық округі жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жиналысының
№ 7 хаттамасы
Мұқыры ауылы 07 сәуір 2025 жыл
Жиын төрағасы: К.Кибаев
Жиын хатшысы: А.Турысбекова
Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны: 3 адам
Қатысқандар: жергілікті қоғамдастық мүшелері: 17 адам және 9 көше тұрғындары (тізімі қоса тіркеледі)
(тұрғындардың тегі,аты және қойған қолы анық болуы шарт).
Күн тәртібінде :
Мұқыры ауылы Жаңа көшеге «Жетісу» атауын беру туралы.
Кіріспе сөзбен, Мұқыры ауылдық округі әкімі Ж.Жумагулов ашты . Әкім өз сөзінде Мұқыры ауылында Жаңа көше берілді, қазір онда 5 шақты тұрғын үй және биыл 10 жаңа тұрғын үй құрылысы салынды, қолданысқа берілді. Сол себепті тұрғындардың барлығын шақырып отырмыз. Мұқыры ауылы Жаңа көшеге Жетісу атауын беру туралы ұсыныс түсті.
Шығып сөйлеушілер:
К.Кибаев – жергілікті қоғамдастықтың төрағасы .
Жаңа көшеге атау берілуі тиіс, бүгінгі күнге көше атауларына тек Республикалық ономастикалық комиссия ұсынылған тарихи жер-су атаулары, тарихи тұлғалар, дәстүрлі атаулар ғана енгізілді. Осыған орай көшеге Жетісу атауын беруді ұсынамыз. Жетісу – Қазақстанның ең көрікті, әдемі жерлерінің бірі болып табылады. Жетісу өңірі жалпы Алматы облысына жақын болып келеді. Бұл жерді бекер емес деп аталады «алтын бесігі». Жетісу — тарихи-географиялық аймақ.Солтүстікте Балқаш,солтүстік шығысында Сасықкөл мен
Алакөл,шығыста Жетісу ( Жоңғар) Алатауы, оңтүстік және оңтүстік-батысында Солтүстік Тянь-Шань жоталарымен шектеседі. Тарихи деректер мен зерттеулерде Жетісу атын құрайтын 7 өзен туралы түрліше пікір бар. А.К.Гейнс бұлардың қатарына Лепсі, Басқан, Сарқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал және Көксу өзендерін жатқызса, А.Влангали Басқан, Сарқан өзендерінің орнына солтүстік-шығыстағы Аягөз, оңтүстік-шығыстағы Іле өзендерін атайды. В.В. Бартольдтың айтуынша, алғашқыда жергілікті халық Жетісу деп Іледен солтүстікке қарай созылған аймақты атаған, оған Лепсі, Басқан, Ақсу, Бүйен, Қызылағаш, Қаратал, Көксу өзендері енген. Ал Жетісу Іленің оңтүстігіне қарай созылған таулы аймақ деген ұғым 19 ғ-да тарап, сондай-ақ, оған Тянь-Шаньнің солтүстік-батыс және орталық аудандары да қосылатын болған. Тарихи әдебиетте Жетісу ұғымына Шу алабы мен Нарын өзенінің жоғарғы ағысын қамтитын атырап та кірген. Бүгінгі таңда көше атауларына тек Республикалық ономастикалық комиссия ұсынылған тарихи жер-су атаулары ғана кіреді. Сол себепті ономастика комиссиясы ұсынылған атаулар кіреді.
Ендігі Сіздерден сұрайтыным ауылдағы көшеге «Жетісу» атауы берілсе деген ұсынысымыз бар.
Жаңа көше тұрғыны Оразбаева Балжан Станбековна .
Көшеге «Жетісу» атауын беруге қарсылығымыз жоқ.
Жаңа көше тұрғыны Алипбаев Айдар Байтурганович :
Көшеге атау берілген жоқ, сол себепті ұсынысты қабылдаймыз. «Жетісу» атауын беруге қарсылығымыз жоқ.
Жаңа көше тұрғыны Турсынбаев Алибек.
Мен Жаңа көше тұрғыны ретінде бұл ұсынысты қолдаймын, көшемізге «Жетісу» атауы берілсін.
Мұқыры ауылдық округінің әкімі Ж.Жумагулов.
Жиынды қортылай келе дауысқа салынды.
Қарсы, қалыс жоқ.
Барлығы 26 адам айтылған шешімге дауыс беріп қолдады.
Шешім қабылдады:
- Жетісу облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылдық округі, Мұқыры ауылы, Жаңа көшеге «Жетісу» атауы беру туралы аудандық өкілетті және атқарушы органдарға ұсыныс енгізілсін .
Төрағасы: К.Кибаев
Хатшысы: А.Турысбекова
Қосымша
Қатысушылардың тізімі :
- Кибаев Куришпай
- Турысбекова Акбопе
- Бейсенова Сауле
- Аппас Қабытай
- Дарибаев Төлеміс
- Оразбеков Ашымхан
- Абдрахманов Темиржан
- Абдрахманов Беккерим
- Алипбаев Айдар
- Смагулов Сапаргали
- Аманбаев Армен
- Нуртаев Орынхан
- Н.Жапарбеков.
- Ш.Коченова.
- М.Тышманова.
- Е.Абишов.
- А.Алипбаев.
- Оразбаева Балжан
- Турсынбаев Алибек
- Сламжан Нұрмұханбет
- Сәйкеш Зоя
- Мақсұт Нұрбол
- Шестопалов Руслан
- Мукашева Маржан
- Бейбітбаева Фарида
- Бақтиярова Лаура
Жергілікті қоғамдастық
жиналысының төрағасы : К.Кибаев
Жергілікті қоғамдастық
жиналысының хатшысы: А.Турысбекова